Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» ҒАЛЫМДАР КОФЕНІ АЗ МӨЛШЕРДЕ ІШУДІҢ ПАЙДАСЫН АНЫҚТАДЫ

ҒАЛЫМДАР КОФЕНІ АЗ МӨЛШЕРДЕ ІШУДІҢ ПАЙДАСЫН АНЫҚТАДЫ


Егер адам кофені аз мөлшерде ішсе, онда оның денсаулығына жақсы әсер етеді. Қатерлі ісік аурулары және жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттану мүмкіндігін 18-20%-ға қысқартуы мүмкін. Бұл туралы британиялық ғалымдар BMJ журналына жазды, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.
«Кофе, шынымен, адам ағзасына созылмалы аурулармен күресуге көмектеседі ме және адамның ерте өлімінің алдын ала ма білмейміз. Тек кофе ішкен кезде сусын ғана ішіп отырмыз деп қабылдамау керек. Оның «әлеуметтік және мәдени» компоненттері бар. Мысалға, кофені темекі шегетіндер жақсы көреді. Басқа жағынан, кофені аз мөлшерде ішу адам денсаулығына еш зиянын тигізбейді», - деп түсіндірді ашылуын Балтимордағы (АҚШ) Джон Гопкинс университетінің зерттеушісі Элисео Гуаллар (Eliseo Guallar).
Соңғы кезде ғалымдар тамақтың адам денсаулығына әсерін жиі зерттей бастады. Биологтар кофе ішу немесе кофеині бар басқа да сусындар жүрекке қатты әсер етеді деп келді. Кейін жүрегі ауыратын көптеген адамның денсаулығын бақылаған кезде оған түк әсері жоқ болып шықты.
Дегенмен, кофенің оң әсері ғалымдар үшін әлі талас мәселе болып тұр. Соңғы жылдары кей ғалымдар күніне үш кеседен артық кофе ішкен организмде инфаркттың даму қаупі төмендейді деген қорытынды жасады. Ал басқа топ ғалымдар мұнымен келіспейді, ондай байланыс жоқ деп есептейді.
Ұлыбританияның Саутгемптон университетінің ғалымы Робин Пул (Robin Poole) және оның әріптестері бұл мәселеге жауап іздеп, кофе ішудің пайдасы мен зиянына қатысты ғылыми жарияланымдарға талдау жүргізді.
Олар екі жүзден астам тұжырымды тауып, онымен танысады. Бұл зерттеулерге әлемнің түкпір-түкпірінен кофе ішетін және ішпейтін, түрлі жат қылығы бар, диетасы мен кофе ішу дәстүрі бөлек, өмір сүру деңгейі әртүрлі бірнеше мың адам қатысқан.
Осы зерттеулерді талдап, британиялық ғалымдар кофені көп ішкен кезде қаупі төмендеген не жоғарылаған аурулардың рейтингін жасады. Олар сусынның қаншалықты артықшылығы не кемшілігі бар дегенді де анықтады.
Олардың қорытындысына сәйкес, күніне 3-4 кесе кофе ішу оң әсер етеді екен. Мысалы, кофе көптеген ауру мен қатерлі ісіктің дамуын 40-60%-ға, қан тамыры ауралары мен инсультті 18% және 30% төмендеткен.
Кофе ішудің ең жаман әсері қыздарға байланысты болды. Ғалымдар бұл қорытындыны нақты деп сеніммен айтты. Әйел адамдар кофені мөлшерден артық ішсе, жүкті болуының алдын орап, түсік тастауы мүмкін. Сондай-ақ егде жастағы әйелдердің сүйегі әлсіз болады. Сондықтан ғалымдар әйелдерге жүктілік кезінде және сүйектері әлсірей бастағанда кофе ішпеуге кеңес береді.
---
26 қараша 2017 ж. 1 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (1589)

19 қараша 2019 ж.

№89 (1588)

16 қараша 2019 ж.

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 073 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам