Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» БАСТЫ ТАЛАП – ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ

БАСТЫ ТАЛАП – ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ

  Тазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – маңызды міндет. Ол сол жердегі тұрғындардың өздеріне байланысты. Осы орайда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жанынан арнайы жұмысшы топ құрылып, рейдтік тексеріс шарасын жүргізді.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 16 бабына сәйкес, әрбір азамат өздерінің меншігіндегі пайдаланушы нысандарды олардың азаматтар үшін қауіпсіздігін, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтік және басқа да талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін лайықты жағдайда ұстауға міндетті делінген. Жұмысшы топ облыс орталығындағы З.Шүкіров, Бедебеков, Құдабаев көшелеріндегі үйлерге рейд жүргізді. Шара барысында байқағанымыз тау болып үйілген қоқыс қалдықтары жиі кездеседі. Ал, жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес ескертпе хаттамалар толтырумен шектелді. Көрсетілген мерзім ішінде қоқысты жинамаса, оларға әкімшілік заңнама негізінде 48100 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Қызылорданың ажары оның тазалығына да байланысты. Алайда, елді мекендер мен көше бойларына, көпқабатты үйлердің аулаларына бейберекет қоқыс және құрылыс қалдықтарын тастайтын азаматтар бүгінде азаяр емес.
– Әрбір саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. Бүгінде қаламыз көркейе түсті. Ұлттық нақышта безендірілген аллеялар, демалыс орындары көбейді. Көше бойларына түгел жарық тартылды. Қала заманауи үлгіде дамып келеді. Маусым сайын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп, ағаштар отырғызылып, гүлдер егілуде. Өз ортамыздың, қаламыздың таза, әдемі болуын басты назарда ұстауымыз қажет. Оны жасау және оған үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті, – дейді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов.
Биыл облыс орталығының іргесі қаланғанына – 200 жыл. Мерейлі мерекеде қаланың сән-сәулетінің келісті болуы айрықша маңызға ие. Шаһардың келбетті көркі тазалыққа да тікелей қатысты.
Тазалық мәселесіне барлығымыз атсалысуымыз керек. Себебі, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген бар. Бұл мәселеге жергілікті биліктің яки қала тазалығын сақтайтын мекемелердің шаруасы деп қарамаған жөн. Тек қоқысты беталды тастамасаңыз болғаны.
Қоғамда әртүрлі адам бар. Олардың мәдениеті қандай болса, қаланың тазалығы да сондай. Жасыратыны жоқ, кейбір азаматтар оған немқұрайлы қарайды. Көрінген жерге қоқыс таст¬ай салады. Ондай кісілер жетіп артылады.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
---
16 қаңтар 2018 ж. 1 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 033 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам