Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» БАСТЫ МАҚСАТ – САЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУ

БАСТЫ МАҚСАТ – САЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУ

  Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Алқалы жиынның күн тәртібінде салық базасын кеңейту және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қыс мезгіліне дайындық мәселелері қаралды. Алғашқы мәселе бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсейітов аталмыш саланың биылғы болжамдық көрсеткіштерінің орындалу жайын баяндады. Оның айтуынша, былтырмен салыстырғанда бюджетке 8394,9 млн. теңгеге артық түсіп, өсу қарқыны жоғары деңгейді көрсеткен. Оның ішінде жергілікті бюджет түсімдерінің көрсеткіші ұлғайған. Ал, жалпы қала бойынша биылғы бюджет белгіленген болжамнан артық орындалған.
– Атқарылған бақылау-экономикалық жұмыстары нәтижесінде салық төлеушілермен жүргізілген камералдық бақылау мен өзге де тексеру шаралары негізінде жергілікті бюджетке салықтар мен төлемдер қосымша есептеліп, өз кезегінде ол нақты ақшамен қайтарылды. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде, жалған кәсіпорын және тіркелуі заңсыз деп танылған салық төлеушілердің контрагенттері бойынша бюджеттен қаржы алған салық төлеушілерге жүргізілген бақылау нәтижесінде белгіленген қаржы көлемінде салық өндірілді. Мемлекеттік кіріс басқармасы тарапынан жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде бірнеше салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде тіркелді. Нөлдік көрсеткішпен немесе табыстарын төмендетіп көрсетіп отырған тұлғалардың салық есептіліктеріне талдау жұмыстары жүргізілді, – деді басқарма басшысы. Мәселен, Қызылөзек ауылдық округінде тіркелген 35 жеке кәсіпкердің 4-і ғана салық есептіліктерінде табыстарын көрсетіп, мемлекетке тиісті қаржыларын төлеп отырған. Ал, қалған 31-і нөлдік көрсеткішпен тапсырып келген. Н.Нұрсейітов бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта әкімдік тарапынан жіті қадағаланатынын жеткізді.
Сондай-ақ, ауылдық округтердің жер, мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша болжамның орындалуы мен шағын кәсіпкерлік нысандарының тіркелуі аясында да нақты әрекеттер жүзеге асты. «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңы мен бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ауылдық және кент әкімдіктерінің қолма-қол ақшаны бақылау есеп-шоттарына жеке табыс салығы бойынша түсімдер трансферт ретінде беріліп келеді. Бүгінде жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік құралдары бойынша қалалық бюджетке барлығы 487 млн. теңге түсім түскен. Оның ішінде 2 кент және 7 ауылдық округтерден түскен түсім 45,2 млн. теңгені құраған. Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қыс мезгіліне дайындық барысы пысықталды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Сәрменбаев әдеттегідей ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап қала толықтай жылу энергиясымен қамтамасыз етілгенін жеткізді. Дегенмен, барлық нысандар жылуға қосылғанымен 27 үй, оның ішінде 17 үй өжіредегі инженерлік жүйелердің ақаулығына байланысты уақытша тоқтатылған еді. Бұл келеңсіздіктер бойынша тиісті шаралар дер кезінде ұйымдастырылып, аталмыш мәселелер бүгінде өз шешімін тапқан. – Коммуналдық кәсіпорындардың жылу беру маусымына дайындығы бірқалыпты. Оның ішінде «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны 45 арнайы техникамен, 15 аумақтық апаттық-қалпына келтіру бригадаларымен қамтамасыз етілді. Тәулік бойы жұмыс жасайтын диспетчерлік орталығы бар. Олардың барлығы дәнекерлеу материалдары, насостар және өзге де қажетті қосалқы құралдармен жабдықталды. Сондай-ақ, «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнында ауыз су ұңғымалары қосымша насостар мен қондырғылар, кәріз су стансаларында қосымша электр қозғалтқыш, ысырма сынды құрылғылармен қамтамасыз етілді, – деді бөлім басшысы. Сонымен қатар, оның айтуынша, «Қызылорда тазалығы» серіктестігі бойынша жылу беру маусымында қала көшелеріне себетін құм араласқан тұздың жеткілікті қоры әзірленген. Барлығы 92 техника маусым кезінде қала көшелерін қардан тазалауға дайын тұр. Дәл осындай тыңғылықты дайындық «Тұрғын үй Қызылорда» мен «Қызылорда қалалық электр тарату торабы» мекемесінде де қолға алынған. Мәселен, жылу маусымы кезінде қаланың орталық КРЭК, Горсеть, Шанхай, Тасбөгет аумақтарына апаттық-қалпына келтіру бригадалары мен арнайы техникалар жұмылдырылған. Сонымен қатар, барлық коммуналдық кәсіпорындар тәулік бойы жұмыс жасайтын диспетчерлік орталығымен, барлық бригадалар дәнеркерлеу құралдарымен қамтамасыз етілген.
Б.Сәрменбаев өз сөзінде бұдан бөлек маусым кезінде қажетті жанар-жағар май қорларын жасақтау мақсатында жеткізіп берушілермен келісімшарт жасалып, талонды жүйе арқылы уақытылы тасымалданып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорындар тарапынан барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып нақты істер жүзеге асатынын баяндады.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.



---
07 қараша 2017 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 216 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам