Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» Ұстаздық – ұлағатты іс

Ұстаздық – ұлағатты іс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында алда тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелердің халыққа пайдалы, тиімді етіп шешу жолдарын нақтылады. Оның механизмдері мен құралдарын, яғни жүйесін қалыптастыру қажет екеніне баса назар аударды.
Еліміздің дамуымен азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру ісіне әрбір қазақстандық атсалысуы қажет. Әрбіріміз жарқын болашаққа деген жауапкершілікті ерекше сезінуіміз қажет.
Әлеуметтік институттың дамуына мол үлес қосатын мұғалімдер әрдайым жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесімен шұғылданып, ата-аналармен тығыз байланыс орнатады. Мемлекет басшысы өзінің алғашқы Жолдауында әлеуметтік саясатқа, әсіресе, мұғалімдердің мемлекеттік маңыздылығына, қоғамдағы мәртебесіне ерекше назар аударды.
Алдағы уақытта мұғалімдер мәртебесін көтеруге баса назар аударылады. Сондай-ақ, олардың оқыту қызметіне ғана емес, сынып жетекшісі ретінде де төлем ақысы артады. Мемлекет басшысы мұғалімдерге үлкен міндет те жүктеді. Атап айтсақ, оқу-тәрбие жүйесінде еңбек құндылығын арттыру, еңбекқор ұлтты тәрбиелеу, шәкірттерді масылдық көңіл-күйден арылтып, санасын белсенді ұстанымға бұру бағытында назар аударылуы тиіс.
Мұндай игі бастамалар білім саласында қызмет атқаратын педагог мамандардың көңілінен шықты.
---
02 қыркүйек 2019 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 839 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам