Жұма, 27 қыркүйек, 14:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76-2086
24.09.2024
PDF мұрағаты

Қаржылық сауаттылықты арттыру маңызды

11.09.2024

49 0


Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Замира Бостанованың үйымдастыруымен лудомания,жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықтың алдын алу тақырыбында жиын өтті. Жиынға арнайы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Оралбаева шақырылды. Жиынды мекеме бастығының орынбасары Мамбетов Абай Әбілқасымүлы ашып, жеке құрамға қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтап , сыбайлас жемқорлықты болдырмау, заң аясында жұмыс атқару керектігін назарларына жеткізді. Ал әділет аға лейтеганты Замира Бостанова жеке құраммен атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жиын барысында Майра Тұрғанбайқызы заңсыз ойын бизнесі мен интернет ойындарына тәуелділікті болдырмау, қаржы пирамидасының құрбанына айналмау жолдары және қаржылық сауаттылық мәселесі жөнінде айтып өтті.
Сондай-ақ, қызметкерлерге құмар ойындардың, қаржылық пирамиданың зардабы, қоғамда туғызып отырған проблемалары туралы нақты фактілер келтіріліп, залалдың алдын алу қажеттілігі көтерілді.
Шара соңында департамент маманына қызметкерлер сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: