Жұма, 27 қыркүйек, 10:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76-2086
24.09.2024
PDF мұрағаты

Жоғарғы сот мектепке орамалмен келуге қатысты тыйымның алып тасталмағанын мәлімдеді

26.09.2024

236 0

Фото: Pixabay.com

Жоғарғы сот мектепке хиджабпен баруды заңды деп танымағанын мәлімдеді. Олар тек оқушының мектепке бару құқығына қатысты шешім шығарғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көпшілік Жоғарғы соттың хиджаб кигендерді мектепке кіргізбеуге қатысты шешімін қате түсінген. Оны желідегілер мектепке орамал тағып баруға болады деп түсінген.  

“Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы –Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі. Сонымен қатар бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған”, – деп түсіндірді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Ведомоство ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау керегін атап өтті. 

“Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады”, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: