Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

   Кеше ғана Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының шымылдығын ашқан Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұжымы бүгін күтпеген қуанышқа кенелді. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген, кітапхананың қарт оқырманы Николай Оспанов ақын Абайдың 1936 жылы латын қарпінде жарық көрген «Таңдамалы өлеңдерін» кітапхана қорына сыйға тартты, деп  хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кітап Алматы қаласындағы «Көркем әдебиет» баспасынан 1936 жылы басылып шыққан екен. Осыдан 84 жыл бұрын жарық көріп, тозығы жетсе де, кітап біз үшін аса құнды. Ұлы ақынның сол заман үлгісімен жарық көрген өлеңдерімен қуана қауыштық. Өз дәуірінен сыр шертіп, көңілге қуаныш ұялатқан кітапта әр өлеңнің қай жылы жазылғаны көрсетілген. Кітап қайта жөндеуді қажет етеді.
Бұған дейін кітапхананың сирек қорындағы Абай шығармаларының ең көнесі 1940 жылғы еді.
Кітап иесі Н.Оспанов: «Осы кітапты әкем Мырзақан көзінің қарашығындай сақтап, қолына жиі алып отырушы еді. Өлеңдерді оқып отырып, «Абай жазғанда жылатып жазады» дейтін. Мен арабша, латынша оқи білмеймін. Әкем өмірден өткелі 36 жыл болды. Бірақ әкем қадірлеген осы кітапты ешкімге бермей сақтадым. Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, қолыма алып, көп толқыдым. Әкем қадір тұтқан кітаптың орны кітапхана болар деген оймен облыстық кітапханаға сыйға тартуды жөн көрдім. Сіздер бұл кітапты жоғалтпай, қажеттеріңізге жаратады деп сенемін», – деп ағынан жарылды.
Кітапхананың сирек қорлар төрінен орын алған ақынның жыр жинағы талай оқырманды қуанышқа бөлері сөзсіз. Кітап «Біздің Абай» электронды кітапханасы арқылы әлемдік желіге таратылатын болады.
«Халық – қазына» деп халқымыз бекер айтпаған-ау. Әр отбасында көненің көзі болып сақталып қалған құнды жәдігерлер баршылық. Бірақ соны бағалай біліп, халық игілігіне ұсынатындар жоқтың қасы. Қарт оқырман Николай Мырзақанұлы Глубокое ауданының Прогресс ауылында тұрады. Биыл 82 жаста. Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен (2019), «Тәуелсіздікке 20 жыл» мерекелік медалімен, «ВЛКСМ-нің 100 жылдығы» естелік медалімен, «Глубокое ауданына 50 жыл» төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған қадірлі азамат.
27 қаңтар 2020 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1615)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (1614)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (1613)

15 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 409 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам