Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Еуропадағы Абай ескерткіші

Еуропадағы Абай ескерткіші

Франция мен Қызылорда уақытының айырмасы төрт сағат. Бізде он екі болғанда оларда сағат сегіз. Осы айырманы айқындап, WhatsApp желісі арқылы Жанар Төребаеваны іздедік. Ол – Парижде Абай ескерткішін қоюға айрықша атсалысқан жан. Алдымен оның кім екенін біліп алайық.
Жанар 1967 жылы Алматы облысы Шелек ауылында ин­женер отбасында дүниеге келген. 1984 жылы мектепті үздік бітіріп, Ленинград педиаторлар институтына оқу­ға түсті. Қазақстанға оралып, Ғылым академиясында еңбек етті. Ғылым кандидаты. Ха­лықаралық және мемлекеттік бағдарлама бойынша түрлі жобада жұмыс істейді. 1999 жылы профессор Кристиан Чанель Ренн қаласына физио­логиялық институтқа оқуға шақырды. Оның Франциямен тығыз байланысы осы жерден өрбіді. Қазір француз азаматына тұрмысқа шыққан, ұл-қыз өсі­ріп отыр. Қызы Камила француз-американ коледжінде оқиды. Ұлы Этейне мектепте.
Жанар Төребаева Франция­ның Ренн-Алматы достық қала­сы мәртебесін алға тартып, алдымен «Абай» саябағын ашу­ға түрткі болды. Сонан соң үш жыл жергілікті билікпен келіс­сөздер жүргізіп, саябаққа Абайдың ескерткішін қойғызуға күш салды. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Осыны бағалап, оны Қазақстанның нағыз патриоты, жанашыры деуге болады. Бұл жайында ол: «Ұлы Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойына және Ренн-Алматы бауырмашылығының 25 жылдығына қойылған ар­манымның орындалған күні.Аталған жоба 3 жылға со­зылды, аяғы үлкен тойға ұласып, Франция халқына Абай атамызды таныстырғаныма бір жағынан қуанып, бір жағынан шаршап, жылап тұрмын».
Жанардың жігерлігі тек бұл емес, оны Реннметропольдағы Сан-Жил муниципалитетіне де­путат етіп сайлапты. Ал, Ренн  Францияның бір аймағы болғанымен бұл өңірдің өз Парламенті бар. Өз заңымен өмір сүреді.
Жалпы, Сан-Жил муници­палитетінің депутаты болу деген үлкен жүк, орасан жауап­кершілік. Мамандығы дəрігер Жанардың арқалаған жүгі он­сыз да салмақты болатын. Ол Бретания денсаулық сақ­тау Кеңесінің мүшесі. Оқу орнын бітіріп, қызметке қадам жасаған əр дəрігер осы Кеңестің алдында Гиппократ антын қабылдайды жəне оның мүлтіксіз орындалуын осы Кеңес бақылайды. Бұған қосымша Жанар Франциядағы Қазақстан елшілігінің Бре­тания аймағындағы Құрметті елшісі.
Жанар бір сөзінде «Ес­керткіштер бойынша екі елдің стандарттары (мөлшері мен техникалық мәселелері) әртүрлі, ал ескерткіштер жөніндегі ко­миссия француздық жобаны мақұлдады және Қазақстаннан Абайдың бюстін ғана сақтады. Қалғанының бәрі, барлық жұмыс, ақ қымбат жергілікті мәрмәрдің тұғырнамасы және барлық қаражат Ренн қала­сының бюджетінен болды.
Мен сізге француз тілінде стандарттарды көрсетемін және бөлісемін, мүмкін бұл Қазақстанның ескерткіштеріне техникалық көзқарасты жақ­сартуға көмектесуі мүмкін, өйткені Францияның қала құрылысы мен ескерткіштерді жасауда сан ғасырлық тәжі­рибесі бар» деді.
Мұнда жеке адамдарға та­быну жоқ және барлық ескерт­кіш белгілі бір мөлшерге сәйкес келеді. Бұл өте деонтологиялық және эстетикалық жағынан жағымды.
Сөз соңында ол «Баршаңыз­ды Ұлы атамыздың 175 жыл­дық мерейтойына арналып бекітілген «Абай күні» мере­кесімен құттықтаймын.
Абай атамыздың айтқан өсиеттері орындалып, Қазақ­стан өркениетті елдер қатарына қосылып, халық бақытты өмір сүретін күндерге жетейік, соған бәріміз бірге ат салысайық!» деп айтты.
Тілегің қабыл болсын, қандас!
Қ.Құрбан
18 тамыз 2020 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (1683)

24 қазан 2020 ж.

№81 (1682)

20 қазан 2020 ж.

№80 (1681)

17 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 451 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам