Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ


 Болмысында табиғи дарыны бар, ойшыл, тұлға болып танылған адамдардың есімі ғана емес, тегін де сәйкес келуі кездейсоқ құбылыс емес. Үкілі үміт күткен сәбиі ел сенімін ақтап, ұлттың бағына туған туымды перзент болсын деген асқақ арманның жемісі деуге негіз бар.
Біздің қаламызда да атақты Олжас Сүлейменовтің есімін еншілеген ұлын мақтан тұтатын ұлағатты отбасы бар. Ол қалаға қарасты КБИ шағын ауданында тұратын Сүлейменовтер әулеті.
«Біз – өз ұлтымыздың өнері мен мәдениеті, салт-дәстүріне ғашық отбасымыз. Әнді, әншіні, ақынды, жырауды ұйып тыңдаймыз. Бесік тербетіп отырып, өзіміз ән айтамыз. Оның үстіне Олжастың әжесі өлең жазады. Арқалы ақындардың тілегін тілеп отыратын шаңырақпыз десек қателеспейміз. Ұлымның есімін қайын апам Айнаш қойды. Олжас туған жыл біз тәуелсіздік алған тарихи уақыт еді. Ал, сол жылдары газет пен теледидардан Олжас Сүлейменовтің есімі кең тараған еді. Өте танымал тұлға болды. Қай ана баласының бақытқа бөленіп, құрметке лайық болғанын қаламайды дейсіз. Сондай асқақ арманнан туған ой ғой» дейді Олжастың анасы Гүлсім Жұмабаева.
Біздің кейіпкеріміз – Олжас Бахтайұлы Сүлейменов 1991 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Ол қаладағы №197 мектеп түлегі. Бойында танымал ақын Олжас Сүлейменовке ұқсас жалын бар. Өнерге жаны құмар. Мектепте аздап өлең де құрастырған. Поэзияны тыңдағанды ұнатады. Өзі сыршыл, талғамы ерекше. Бүгінде әкесі Бахтай Сүлейменовтің жолын қуып жеке кәсіппен айналысуда. Отбасын құрған. Жұбайы – Ақбота Ыдырысовамен екеуі Айсана есімді кішкентай бүлдіршінді тәрбиелеп отыр.
Елге ғана емес, алыс-жақын шетелге танымал жалынды ақын Олжас Сүлейменовтің есімі ғана емес, тегі сәйкес келген жерлесіміз кәсіпкер Олжастың бүгінде үлкен кәсіп иесі болып, экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдің дәулетін тасытып, абыройын асқақтатамын деген биік арманы бар. Танымал ақын есімінің шарапаты жас Олжасты талай шыңдарға шырқатары анық. Тек салмақты есімді иемденген жас кәсіпкердің есімі ардақтылардың қатарынан көрінсе деп тіледік. Алла сәтін салғай!

ГауҺар ҚОЖАХМЕТОВА.

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 205 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам