Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БАҚЫТ БАСЫН ИЕДІ

ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БАҚЫТ БАСЫН ИЕДІ

  Облысымыздың оңтүстік аудандары – бағзы заманнан мал шаруашылығына жайлы жер. Табиғаты шаруашылыққа қолайлы Шиелі ауданыда сол өңірдің қатарында саналады. Онда мал басы өсіп, атакәсіп жаңа ауқымда дамып келеді.
Апта басында өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында БАҚ өкілдері алдымен жас кәсіпкер Нұрдәулет Нұрмағанбетовтің шаруа қожалығымен танысты. Ауыл шаруашылығының берік тағаны – мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау күн санап артып келеді. Оған дәлел аудан халқы бүгінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында қаржы алып кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Жас кәсіпкер «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің 1 айлық арнайы курсын оқыған. Оқу барысында ол кәсіпті қалай бастау керектігін, нақты құжаттамаларды дайындау барысымен танысқан. Нәтижесінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша несие алып, бұл қаржы арқылы бүгінде шаруа қожалығын дөңгелетіп отыр. Нұрдәулет әлі оқуын аяқтамаған студент. Арман қуып Астанада білім алып жатқан ол оқуын сыртқы бөлімге ауыстырып туған жерде атакәсіпті дамытуды мақсат етеді. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, ата-анасымен ақылдасып, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жеті жылға 6 пайызбен 10 млн. теңге несие алады. Әкесінің 38 бас ірі-қарасын одан әрі дамытуды көздейді.
– Аталмыш бағдарлама аясында шағын шаруа қожалығымызды кеңейтіп жатырмыз. Бүгінде мал басы 138 ірі қараға жетіп отыр. Қожалықта үш адам жұмыс істейді. Несиені алғаннан кейін Жаңақорған ауданыныңда «Заман ата» шаруа қожалығынан асыл тұқымды қалмақ бұқасын алдым. Мақсатым – әкелінген бұқалар арқылы басқа да ірі қараларды асылдандырып, мал басын көбейту. Қазір төрт түліктердің қысқы орындары дайындалуда. Біздің ауыл мал өсіруге өте қолайлы, құнарлы жер, – дейді Нұрдәулет.
Мал шаруашылығының қыр-сырын жетік білетін ол алдағы уақытта жылқымен де айналысамын дейді. Ауданда аталмыш бағдарлама аясында тегін кәсіптік білім де берілуде. Тұрғындарға тігінші, дәнекерлеуші, аспаз, кондитер, шаштараз секілді мамандық бойынша куәлік алып шығады. Оларға сонымен қатар, ай сайын 21786 теңге көлеміндегі шәкіртақы тағайындалған.
Біз барған келесі нысан – бетон өнімдерін шығаратын «Әбек» цехы болды. Кәсіпкер Азиз Әбек те «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 2 млн. теңге несие алған. Бұл қаржыға бетон өнімдерін шығаратын құрал-жабдықтар жеткізілді. Бүгінде мұнда үш адам тұрақты еңбекпен қамтылған. Цехта жерге төселетін тас төсеуіш, темір бетон өнімдерін шығарылады. Жас кәсіпкер тапсырыс күн сайын артып келеді дейді.
Сондай-ақ, ауданда «Өрлеу» жобасы сәтті жүзеге асуда. Әлеуметтін әлеуетін көтеретін жобаға ауданда тұрмысы төмен 99 отбасымен келісім-шарт жасалған. Ол отбасылардың 602 адамына 18675,9 мың теңге ақшалай көмек көрсетілген. Бүгінде жобаға қатысып, тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны 123 адамға жеткен. «Еңбекші» ауылының тұрғыны Ағайша Қосмамбетова – «Өрлеу» жобасының қатысушысы. Аталмыш бағдарламаны естіген ол қатысуға өтініш білдірген. Нәтижесінде Ағайшаға қайтарымсыз 550 мың қаржы берілді. Алынған қаржыға екі тігін мәшінкесін алды.
– «Өрлеу» бағдарламасы маған көп көмектесті. Үйімнің бір бөлмесінен тігін шеберханасын аштым. Бүгінде ауыл тұрғындарынан көптеген тапсырыстар келіп түсуде. Құрақ көрпе, ұлттық киімдер, басқа нақыштағы киім-кешектерді тігемін. Алдағы уақытта шеберхананы кеңейтіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтысам деген жоспар бар, – дейді ол.
«Өрлеу» жобасының басты ерекшелігі –адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, келешекте отбасы мүшелерінің еңбек ету арқылы кәсіпкерлікпен және ауыл шаруашылығымен айналысып өзін-өзі қамтамасыз ету. Елдегілер сол игілікті істің шарапатын көріп, еңбек еткеннің еңсесі биік болатынын түсініп отыр. Шиелі өңірінде жеке кәсібінің көкжиегін кеңейтіп, нәтижелі жұмыс жасап жүргендерді көргенде осындай ой түйіп қайттық.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 771 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам