Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ТІЛ ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН САЙЫС

ТІЛ ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН САЙЫС

  Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз үш тілде сөйлей білеміз!» тақырыбында сайыс өткізілді.
Бұл шара балабақшадағы балалардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу, олардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту, ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Байқауға аймаққа қарасты балабақшалар ата-аналар қатысты. Сайысқа қатысушылар «Достық», «Карамелька» және «Future» топтарына бөлініп, 18 бүлдіршін қатысты. Қатысушы бүлдіршіндердің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахналық киім үлгісіне аса назар аударылды. Бүлдіршіндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таныстырып, өнерлерін көрсетті. Сайыстың ережесіне сәйкес драмалық қойылым кезеңінде «Достық»тобы Қаз дауысты Қазыбек бидің ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығы айтылып, көрініс қойылды. «Карамелька» тобы «Репка» ертегісін 3 /үш/ тілде сахналады. Ертегі арқылы бүлдіршіндердің ақыл ойын, қиялын, үш тілде сөйлеу шеберліктерін арттырып, сөздік қорларын дамыту.
«Future» тобы «Red Reding Hood» ертегісін сахналады. Бүлдіршіндердің ағылшын дыбыстарын анық айтуға, есту арқылы ажыратуға, кейіпкер болып ойнау әдісі арқылы оларды ағылшын тіліне деген қызығушылығын ояту. Оларды ақылды, тапқыр, қайырымды, үнемі көмекке дайын болуға тәрбиелеу. Келесі кезеңде топтарға жұмбақтар қойылып, шешуін үш тілде айтты. Мәселен, Балдай тәтті, мұздай қатты (балмұздақ, мороженое, ice-cream).
Байқау соңында жеңіске жеткен «Достық» тобы мақтау қағазбен, «Карамелька» және «Future» топтары алғыс хатпен марапатталды. Бүлдіршіндер тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсете отырып, сайысқа белсене қатысты.
16 қараша 2017 ж. 1 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 410 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам