Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Гендер және жанұялық

Гендер және жанұялық

2006-2016 жылдарға арналған Гендердік стратегияны қабылдау және іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік берді.
Гендерлік страгенияны іске асырылған жылдары отбасылық – неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкінліктерінің кеңеюіне оң динамикаға қол жеткізілді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, отбасының функционалдық беріктігі деңгейіне гендерлік қатынастар моделі елеулі әсер етеді. Гендерлік стратегия деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелілік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болды.
Осылайша, заманауи берік отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік стратегияға қол жеткізу қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі болып табылатыны айқын.
Мемлекеттік гендерлік стратегия бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек:
1)Гендерлік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ оны халықаралық стандарттарға,БҰҰ, ТМД және ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес келтіру;
2)Гендерлік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті билік органдарының іс-қимылын тиімді жоспарлау және үйлестіру үшін тетіктер мен жағдайлар жасау;
3)Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту тетіктері арқылы ауылдық жерлерде әйелдерге нысаналы қолдау көрсету;
4)Отбасы және гендерлік саясатты ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету және халықты үздіксіз жалпыға ортақ гендерлік сауаттандыру жұмыстарын жүргізу;
5)бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әйелдердің қатысуын кеңейту.
Осындай күрделі заманда қазақ қыздары өздерінің ұлттық ерекшкліктерін, табиғи нәзіктіктерін сақтай отырып, адам іс-әрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Бибінұр АМАНЖАН,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
психолог-инспекторы
30 қазан 2019 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам