Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Көктемде ағзаны қалай тазалау керек?

Көктемде ағзаны қалай тазалау керек?

 Көктем – табиғатпен қатар адам ағзасы да оянатын уақыт. Адам ағзасы қыстан соң қайта ретке келтіруді қажет етеді. Ағзаны тек ашығу арқылы емес, басқа да әдістермен тазалауға болады.
- Ағзаны зығыр дәнінің көмегімен тазарлау. Зығыр дәні бүкіл ағзаға, әсіресе, ішек, тері және бауырға өте пайдалы. Оның көмегімен барлық токсин шығады, ас қорыту ретке келеді және сыртқы келбет жақсарады. Таңертең аш қарынға 1 ас қасық зығыр дәнін жеу ұсынылады. Дәнді 1 минут шамасында жақсылап шайнап, 1 стақан сумен ішіп жіберіңіз. Тек 30 минут өткен соң ғана таңғы ас ішіңіз. Таңғы асқа суға піскен сұлы ботқасын жеген жөн.
- Ағзаны қажетті су мөлшерімен тойдыру. Барлық биохимиялық өзгеріс секілді тазалау да сулы ортада жүреді. Сондықтан әр күніңізді 1-2 стақан жылы су ішумен бастаған жөн. Күні бойы судың жеткілікті мөлшерін ішсеңіз, бүйректер дұрыс жұмыс істейді де, олар артық заттарды ағзадан оңай шығара алады.

Күніне 2 литр су ішу дұрыс па?
- Рационға қарапайым тамақтар қолдану. Күнделікті рационыңызға көбірек жеміс пен көкөніс қосыңыз. Ағза көбірек жасұнық алған кезде ол жерде табиғи тазару процесі жүреді. Ал бұл маңызды элементті жеміс-жидек, көкөніс, жарма және астық дақылынан ала аласыз.
- Таза ауада көп жүру. Кешке немесе таңертең саябақта, орманда ұзақ жүру ағзаны оттекпен қамтамасыз етіп, өкпені токсиндерден тазалауға ықпал етеді.
- Пробиотик қолдану. Патогендік бактерияның орнын пробиотик деп аталатын пайдалы бактерия басуы керек. Олар сүтті өнімде және биологиялық белсенді қосымшада болады. Сондықтан рационыңызға құрамында қанты жоқ айран мен йогурт қосыңыз.
- Рационнан қантты, майлы және қуырылған тағамды алып тастау. Егер көктемде ағзаңызды тазартамын деп шешсеңіз, фаст-фуд, жартылай дайын өнім, майлы және тәтті тағамнан бас тартқан жөн. Бірнеше апта өткен соң өзіңізді жақсы сезіне бастағаныңызды байқайсыз.
05 наурыз 2020 ж. 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (1622)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 905 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам