Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

ҚҰС ЕТІНІҢ ПАЙДАСЫ

  Қолға үйретілген құстардың ішінде ең кең тарағаны – тауық. Еті де бүгінгі күні сұранысқа ие. Дүкен сөрелерінде сиыр, қой, жылқы еттерімен қатар тұрады. Бағасы жағынан қалта көтерерліктей. Ет саудасымен айналысатын сатушылар құс етінің ішінде кең тарағаны әрі өтімдісі тауық еті деп айтады. Етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар. Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі – бөдене. Оның жұмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы. Білген адамға басқа жануарлардың етімен салыстырғанда, құс еті – жеңсік тағам, ағзаға жеңіл де жедел сіңеді. Боткин ауруына тауық етін ғана жеуге рұқсат етілетіні сондықтан. Ал қаздың майы болса, үсік пен күйікке тамаша ем. Күркетауықтың еті қатты аурудан әлсіреп қалғандарға жеуге ұсынылып жүр. Жұмыртқаның жайына келсек, мынадай дерек бар. Бір тауық жұмыртқасының құнар-қуаты 100 грамм жылқы немесе сиыр, қой етіне пара-пар. Үйректің жұмыртқасының қуаты одан да артықтау. Деніміз сау болсын десек, құс етін ас мәзіріне жиі пайдаланған абзал.


08 қаңтар 2018 ж. 1 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 410 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам