Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ШАШТЫ ЖИІ БОЯУ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚТЫРАДЫ – ДӘРІГЕРЛЕР

ШАШТЫ ЖИІ БОЯУ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚТЫРАДЫ – ДӘРІГЕРЛЕР

  Сүт безі ісігіне шалдыққан науқастардың ауру тарихын зерттеген дәрігерлер осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Шашты жылына алты реттен көп бояу сүт безі ісігіне шалдығу қаупін жоғарылатады. Бұл туралы Лондоннның Princess Grace Hospital ауруханасының дәрігері, профессор Кефан Мокбел айтты.
Дәрігер кеуде ісігімен ауыратын науқастардың ауру тарихын зерттеп шыққан. Нәтижесінде шашы боялған әйелдерге бұл диагноз 14 пайызға жиі қойылатыны анықталды.
«Зерттеу барысында шаш бояғыштың әсері мен сүт безі ісігінің арасында статистикалық байланыс бары анықталды. Сол себепті мен шашты жылына алты реттен аз бояп, үнемі мамандарға қаралып отыруға кеңес беремін», - деді дәрігер.
Оның айтуынша, ең дұрысы, құрамында хош иісті аминдер концентрациясы төмен бояғыштарды қолдану. Ал табиғи ингредиенттерден, мәселен, итмұрын немесе рауғаш шөбінен жасалған бояғыштардың денсаулыққа зияны жоқ десе де болады.

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 757 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам