Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ОРАМЖАПЫРАҚТЫҢ СІЗ БІЛМЕЙТІН 10 ҚАСИЕТІ

ОРАМЖАПЫРАҚТЫҢ СІЗ БІЛМЕЙТІН 10 ҚАСИЕТІ

  Күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын көкөністердің қасиеттері мен пайдасы туралы  баршамыз жақсы білеміз.

Дегенмен,орамжапырақ құрамында 90 % су және жасұнық, кальций, магний, темір, фосфор және К, С дәрумендерінің көп бөлігі мен В1, В2, В3, D, Р, РР, Н дәрумендерінің аздаған бөлігі бар екенін көбі біле бермейді.. Сондай-ақ, бүйрекке, қан айналымына, қалқанша безіне аса қажет аминқышқылдары көп екенін айта кету керек.
Ал орамжапырақтың басқа да қандай пайдалы қасиеттері бар екеніне нақты тоқтала кетсек.

1. Ісіну
 
Ісіп тұрған жерге орамжапырақты орап қойсаңыз бір түнде ісік басылып қалады.

2. Қалқанша без
 
Қалқанша безге орамжапырақтың пайдасы өте көп.Тек емдік қана емес,сонымен қатар профилактикалық жағдайда түні бойы жапырақтарын тамағыңызға орап қойсаңыз жақсы әсер береді.

3. Бас ауруы

Сонымен қатар,орамжапырақтың ауруды басатын қасиеті бар екенін көбі біле білмейді.Ауырып турған жеріңізге жапырақтарын бассаңыз ауырғаны басылады

4. Емізу
 
Баланы емізген кезде омырауыңыздың ұштары жарылып кеткен жағдайда кеудешенің ішіне жапырақтарын салып қоюға болады.

5. Детокс

Ақбас орамжапырақтың адам ағзасын тазартуда да көптеген пайдасы бар екенін көбі біле бермейді.Бір уақыт күнделікті тағамға косып пайдалансаңыз ағзаңыз сізге "рахмет" айтады.

6. Сұлулық

Орамжапырақтағы сульфур микроэлементінің арқасында сіздің шашыңыз бен теріңіздің сұлулығы бірқалыпты болады.Сондықтан күнделікті тағам рационына орамжапырақтан дайындалған салатты қоссаңыз болады.

7. Қатерлі ісік

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек күнделікті орамжапырақты тұтынған адамдар қатерлі ісік дертіне неғұрлым аз шалдығады.Орамжапырақтың құрамындағы лупеол, синигрин және сульфорафан компоненттері ісікті жоюда үлкен қасиеттерге ие.

8. Қан қысымы

Орамжапырақтың құрамындағы калий ағзаның қан тамырларын тазартып қан айналымын қалыпқа келтіреді.

9. Арықтау
 
Диетологтардың айтуынша орамжапырақ артық салмақтан арылғысы келген арулар үшін таптырмас жәрдемші. Құрамында  дәрумендері мен өзектері өте көп болғандықтан дәрігерлер осы жемісті көптеп тұтынуға кеңес береді.

10. Тісті ағарту

Тісті ағартуда тек ас содасы ғана емес орамжапырақтың да пайдасы бар екен.Бар керегі оны жиі жеп тұру керек  дейді зерттеушілер.

Reactor
30 қазан 2017 ж. 3 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 622 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам