Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

ҚОЛМЕН ЖАЗУДЫҢ ПАЙДАСЫ

 Соңғы кезде жазуыңыз өзгеріп, нашарланып кетті ме? Бұл заманауи технологиялардың әсері. Компьютермен жазуға дағдыланғанымыз соншалық, қолымыз жазуды ұмытты. Кейде болса да, қолға қайта қалам алған жөн, оның да пайдасы бар екен.

Жазу – жаңа затты үйренудің ең оңай жолы. Керек ақпаратты көшіріп жазу - оны есте сақтаудың бірден-бір әдісі. Қолмен жазу процесі сол ақпаратты сүзгіден өткізіп, оны маңызды деп санап, ұзақ есте сақтайды.
Жазу ойды тұжырымдайды. Көптеген әйгілі жазушылар туындыларын компьютермен емес, қолмен жазғанды ұнатады. Ең болмаса алғашқы ойлар мен сюжетті қағаз бетіне қолмен түсіру арқылы ойды тиянақтай алады. Жазу барысында керекті ойлар тезірек келіп, жеңілірек баяндалады. Сондай-ақ ойдың жылдамдығы мен жазу жылдамдығы бірдей болады. Ал компьютерге терілген сәтте ойлар шатасып кете алады.
Жазу барысында артық алаңдамайсыз. Қолмен жазу мен компьютерді салыстыратын болсақ, қолмен жазу басқа ойлар мен сыртқы дүниелерге алаңдауға жол бермейді. Ал компьютермен жазсаңыз, интернетке, видеоларға көңіл аударып, ойыңызды толықтай жаза алмай қалуыңыз мүмкін.
Жазу – ми жаттығуы. Осы жаттығу арқылы миыңыз қартаюдан сақтана алады. Жазу барысы ойды үшкірлеп, еске де жақсы әсер етеді. Сондай-ақ, қолмен жазу арқылы жаңа тілді үйренген оңайырақ екені дәлелденген.
Ал, сіз қолмен жиі жазасыз ба?

Интернет материалдары негізінде дайындалды.

14 қараша 2017 ж. 1 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

№57 (1658)

28 шілде 2020 ж.

№56 (1657)

25 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 801 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам