Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ТҰМАУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

ТҰМАУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

  1. Салқын тиіп ауырмас үшін әрқашан жылы киініп, дәрумендер ішіп, тұмаудың алғашқы белгілері байқалғаннан-ақ вирусқа қарсы дәрілер ішіңіз.
2. Әдетте вирус мұрынның шырышты қабығы арқылы кіретін болғандықтан, мұрныңыздың ішкі жағына оксолин, вазелин немесе арнайы бальзам жағып қойыңыз.
3. Адамдар көп жиналған жерден аулақтау жүруге тырысыңыз. Қоғамдық орындарға барып келген соң, қолыңызды жақсылап жуыңыз. Аузыңызды әртүрлі емдік шөптердің тұнбасымен, ал, мұрныңызды тұзды сумен шайыңыз. Сыртта жүргенде бет, көз, ерін, мұрныңызды ұстамағаныңыз абзал. Өйткені, қолыңызда әлдекімнен жұққан микробтар болуы мүмкін.
4. Бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз. Себебі, тұмау таза ауадан «қорқады».
5. Сіз осы ережелердің бәрін сақтаған күннің өзінде жаныңда жүрген адамдар тұмауратып жүрсе не істеу керек? Мүмкіндігінше тұмауратып жүрген адаммен ұзақ сөйлеспеуге тырысыңыз. Өзіңізбен бірге самырсын, жусан майлары сіңген беторамал алып жүріңіз. Олар микробтарды өлтіруге көмектеседі.

Тұмауға шалдықпас үшін не жеген дұрыс?
Аскорбин және лимон қышқылы. Бұлар лимон, апельсин, мандариннің құрамында кездеседі. Егер, цитрустық жемістерге аллергияңыз болса, оның орнына алма және т.б. жемістерден дайындалған сусындар ішіңіз.
Сұлы, күріш және қарақұмық жармасын жеңіз. Олардың құрамында селен бар.
Жаңғақ Е дәрумені, марганец, мырыш және мысқа бай. Сондай-ақ, Е дәрумені жүгері және өсімдік майының құрамында кездеседі.
Йод (теңіз балығы мен теңіз орамжапырағының құрамында кездеседі).
Фитонцидтер (шикі пияз бен сарымсақтың құрамында бар).
Жоғарыдағы әдістердің барлығын қолданған күннің өзінде өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, жатар алдында бал қосылған ыстық сүт ішіңіз.

Интернет материалдары негізінде дайындалды.


20 қараша 2017 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 465 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам