Жексенбі, 24 мамыр, 15:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Профилактикалық жиын өтті

24.05.2026

66 0

Фото: Әдеп Жөніндегі Уәкіл

Кезекті профилактикалық семинар облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, облыстық цифрлық технологиялар басқармаларының және «Ақпараттық технологиялар орталығы» мен «Жедел әрекет ету орталығы» мекемелерінің ұжымдарымен өткізілді.

Семинарда Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңына түсіндірме беріп, әдептілік талаптарына қатысты нормалармен таныстырды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Самат Қуанышбаев «Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында хабарлама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың, ішкі талдау жұмыстарының маңыздылығын айтты.

Жиында облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» аға маманы Олжас Нарымбетов «Мемлекет және дін» тақырыбында баяндама жасап, діни экстремизм мен терроризмнің ұғымдарына, радикалды жат ағымдардың белгілеріне тоқталды.

Семинар барысында, Бағдат Әбдіқадыр қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық нормаларына, қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметі діни бірлестіктерден және діни көзқарастарды насихаттаудан тәуелсіз болуы тиіс екендігі түсіндірілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: