Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР, СУ АЙДЫНДАРЫНДА МҰЗ БЕТІМЕН ЖҮРУ ҚАУІПТІ!

АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР, СУ АЙДЫНДАРЫНДА МҰЗ БЕТІМЕН ЖҮРУ ҚАУІПТІ!

 Қыс мезгілінде жылда су айдындарында мұз бетімен жүру өте қауіпті. Көп жағдайларда тұрғындардың мұздың қалыңдығын, ауа райының жағдайын ескермеуі, өздерінің өміріне қауіпті екенін сезінбей жатады. Әсіресе, су жағасына жақын қоныстанған елді мекендер азаматтары, оның ішінде балықшылар кез келген жерлермен жаяу немесе жүк тиелген көліктермен мұз үстімен өтуде.
Суда құтқару қызметі мамандарының жүргізген мониторинг барысында қысқы мезгілде облыс азаматтары көп жағдайларда судағы, мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығы анықтылуда. Кейбір тұрғындар тура жол ретінде мұз бетімен автокөлікпен зат тасымалдауына дейін баруы құтқарушыларды алаңдатуда. Осындай жағдайлар көбінесе облыста балық шаруашылығымен айналысатын балықшылар арасында орын алуда.
Қазіргі таңда облыс аумағында жылы ауа райының қалыптасуына байланысты өзен арнасындағы мұздың әлі де жұқа екендігі белгілі. Сондықтан, су айдындарында жүру аса қауіпті.
Осыған орай қысқы уақытта су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.
Қауіпті мұз:
-Су ағатын жердің жанында;
-Қатып қалған қамысы көп жағаның жанында;
-Қардың қалың қабатымен басылып қалған мұз;
-Көпірдің астында, өзендердің ирелеңінде, ағыны тар жерлерде;
-Түнде мұзды жермен жүруге болмайды! Мұздың үстімен жалғыз жүруге тыйым салынады.
Жұқа қатпаған мұзбен жүру, шанамен, шаңғымен тік жарлы жағадан жұқа мұзға қарай сырғанау, мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақындау, мұздың бөлек бөлігінде топталып тұру адам өміріне қауіп төндіреді.
Балық аулаймын деушілер болса онда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметіне барып, мұзда ұстау ережесімен танысқан абзал.
Абай болыңыздар, су айдындарында жүру қауіпті!

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.


29 желтоқсан 2017 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 811 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам