Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА АЯЗ КҮШЕЙЕДІ

АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА АЯЗ КҮШЕЙЕДІ

  Алдағы үш күнде, 18-20 қаңтар аралығына Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының әсері байқалады. Нәтижесінде қар жаумайды, бірақ тұман түсіп, аяз күшейеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Казгидрометке сілтеме жасап.
Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты көпжылдыө көрсеткішке жуық деңгейде ауа температурасының қысқа мерзімдік жоғарылауы күтіледі.

19 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша ауа температурасы:

- Батыста түнде 10-15 градус суық, кей жерлерде 20-25 аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде минус 8-13 градус.

- Солтүстікте түнгі температура 15-29 градус аяз, күндіз 8-17 шамасында суық күтіледі.

- Қазақстанның орталығында түнде 13-18, кей жерлерде 23-28 градус аяз күтіледі. Күндізгі температура - 7-12, кей жерлерде 16 градус суық.

- Шығыста түнде 18-23, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяз.

- Оңтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 17-22 градус аяз болады, күндіз 2-7, кей жерлерде 5-10 градус суық күтіледі.

19 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт болғанмен қар жаумайды. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы 20-22 градусқа төмендейді, күндіз 13-15 градус суық.

Алматыда 19 қаңтарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, кейде тұман күтіледі. Жел 0-5 м / с. Түнде ауа температурасы 7-9 градус аяз, күндіз 0, минус 2 градус болады.
http://www.inform.kz/ru
17 қаңтар 2018 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (1409)

23 қаңтар 2018 ж.

№6 (1408)

20 қаңтар 2018 ж.

№5 (1407)

16 қаңтар 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 355 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам