Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 30 ГРАДУС АЯЗ БОЛАДЫ

30 ГРАДУС АЯЗ БОЛАДЫ

  Қыстың ызғары қарашаның соңында сезіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК ауа райының ұзақмерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева мәлім етті.
«Қараша жауын-шашынды әрі желді, сондай-ақ таңғы және түнгі сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады деп күтілуде. Айдың орта кезінде елдің солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауып, боран соғады. Қараша  айында суытудың үш толқыны байқалады», — деп тоқталды Г. Ақышева Орталық коммуникациялар қызметінде.
Ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес, Қазақстанда қыс ерте әрі қарлы болады деген болжам бар. Еліміздің солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында тұрақты қар қарашаның  ортасында түссе, оңтүстік және батыс аймақтарда желтоқсанның екінші жартысында қар жататын болады. «Қыстың ызғарын қарашаның соңында сезіне бастаймыз. Ол кезде еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы түнде минус 30 градусқа дейін, ал күндіз -15-ке дейін төмендейді. Қазақстанның оңтүстік жартысында түнде минус 15-ке дейін, ол күндіз минус 5 дейін суытады», — деді басқарма басшысы. Синоптиктердің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, желтоқсанда арктикалық теңіз аудандарынан суық ауа массасының жиі енуінен республиканың шығыс жартысында суық және қарлы, ал батыс жартысында жылы ауа массасының шығуынан, жылы (нормадан 1°С жоғары) және қары аз ауа-райы күтілуде. Бұдан бөлек, 2018 жылғы қаңтар Азиялық антициклонының ықпалынан аз қарлы және суық болады. Елдің көп бөлігінде температуралық фон көпжылдық орташа мәннен 1…2°С төмен болады деп болжанады. Тек біздің республиканың батыс және шеткі оңтүстік аймақтарында температуралық фон нормаға жуық болады деп күтілуде. Ай ішіндегі қар мөлшері батыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормаға жуық күтіледі. «Ақпанда мол қар жауып, қатты жел мен боран соғады. Осы ретте еліміздің солтүстік-батыс жартысында ультраполярлық суық ауа массаларының енуімен бірқалыпты аязды, ауа температурасы климаттық нормадан 1…2°С төмен ауа-райы күтілуде, ал оңтүстік-шығыс жартысында оңтүстік циклондардың жиі шығуымен температуралық фон климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде»,-дейді ол. Күнтізбелік көктемнің басталуы құбылмалы болады: нағыз қысқы жиі жауын-шашынды, қатты желді күндер көктемгі жылы және ашық күндермен алмасып тұратын болады. Ауаның орташа температурасы наурызда нормадан 1°С жоғары оңтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде бақалады, қалған аумақта климаттық нормаға сәйкес жуық болады. Жауын-шашын мөлшері батыста, солтүстікте, шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормадан жоғары, қалған аймақтарда нормаға жуық болады деп болжанады.
19 қазан 2017 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 561 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам