Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «САМҒАУ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«САМҒАУ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

  Құрметті Қызылорда қаласының жастары!!! Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталғандығын хабарлаймыз.
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығын тағайындау ережесі
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, саяси және қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады.
Ұйымдастырушылар:
- Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі;
- «Қызылорда-Ақиқат айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі.
Қойылатын талаптар:
14 пен 29 жас аралығындағы қала барлық жастары.
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады.
Сонымен қатар, өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады.
«Самғау» сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша қаланың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:
– өз саласы бойынша жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін;
– әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
Ø мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
– жеке басының жетістіктері;
– қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы.
«Самғау» сыйлығы ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды. Қызылорда қаласы жастарына арналған сыйлық 10 жасқа (сыйлық көлемі 100 000 (бір жүз мың теңге) тағайындалады. Бүгінге дейін осы сыйлықты алған жастарға қайта берілмейді.
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:
- бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2017 жылғы 4 қарашаға дейін);
- екінші кезең: «Самғау» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау (2017 жылғы 7 қараша);
- үшінші кезең: «Самғау» сыйлығының иегерлерін марапаттау (2017 жылғы 10 қараша).
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығына үміткерлер мына төмендегі құжаттарды 2017 жылдың 4 қараша сағат 18-ге дейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не (Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі) тапсыруы қажет:
- жұмыс орнынан /оқу орнынан/, саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете отырып);
- түйіндеме (қазақ және орыс тілдерінде жазылған, 3х4 фотосуретімен);
- өмірбаяны;
- жұмыс орнынан /оқу орнынан/ анықтама;
- орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
- жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б.) /сканер арқылы жасалған көшірмелері/;
- «Мен осы сыйлыққа неге лайықтымын?» тақырыбында жазылған эссе (кемінде 1,5 - 2 беттен кем емес);
- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралары жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары және басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;
- 10х15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен);
- жеке куәлігі (көшірмесі), тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама.
Құжаттар бекітіліп, беттеліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).
Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды.
Қосымша ақпараттарды «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нен алуға болады. Байланыс телефоны: 8 747 266 92 04, 26-42-45.
19 қазан 2017 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 158 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам