Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 19:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда автогаз бағасын кәсіпкерлердің өзі бекітетін болады

26.02.2021

1059 0

Энергетика министрлігіне ұлттық экономика министрлігімен және әділет министрлігімен бірлесіп, автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде «Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған
сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу
туралы» бұйрық қабылданған. 

Алайда бұл заңды қолдану уақытша тоқтатылып, мемлекет сұйытылған газ бағасын уақытша бақыламайтын болады. 

«Атамекен» ҰКП салалық қауымдастықтармен бірлесіп, кәсіпкерлерді қолдау
мақсатында мемлекеттік органдарға бұйрықтың қолданылу мерзімін анықтау
бойынша бірнеше рет ұсыныс жасаған болатын. Бұйрықтың қолданылу мерзімі
ұзартылған жағдайда, кәсіпкерлер қызметкерлерінің қысқару тәуекелі
туындауда.

Осы бұйрыққа сәйкес бұйрықтың соңғы мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына
дейін белгіленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: