Топ-баннер2

Бейсенбі, 12 наурыз, 18:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Импорт тауарларының құнын бақылау тізбесіне түзету енгізіледі

12.03.2026

45 0

Фото: Pixabay.com

Қаржы министрлігі «Бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағалардың ең төменгі деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Аталған құжат Салық кодексінің 518-бабының 2-тармағына сәйкес дайындалған. Бұйрық жобасының негізгі мақсаты — бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың нақты тізбесін бекіту.

— Бұл тізім импортталатын тауарлардың құнын дәйекті етуге бағытталған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілетін тауарлар бойынша салықтардың дұрыс төленуін қамтамасы етеді. Сонымен қатар бұл шара адал импорттаушылар мен отандық өндірушілер үшін тең бәсекелестік жағдайларын орнатуға арналған, — делінген құжатта.

Сонымен қатар жобаны іске асыру нәтижесінде импортталатын тауарлардың нақты құны қамтамасыз етіліп, Қазақстанның ішкі нарығында адал бәсекелестік жағдайы орнайды.
Қоғамдық талқылау 26 наурызға дейін.

Айта кетейік, Қазақстанда кейбір тауарларды сатып алуда ұлттық режимнен шығару ұсынылған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: