Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Қайтарымсыз қаржы кімдерге беріледі?

17.09.2022

764 0

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурс нәтижелері анықталды. Комиссияға бизнес жоспарын ұсынғандар қатары көп болды. Облыста кәсіпкерлік саласын қолдауға бағытталған шараларды іске асыру жүйелі түрде жалғасын табуда. Оның ішінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грантқа 120 млн теңге қаржы бөлінді. Оның 70 млн теңгесі кәсіпкерлік қызметіне 3 жыл толмаған 29 жасқа дейінгі жастардың жаңашыл бизнес-идеяларына бағытталды. Бұл қайтарымсыз қаражаттар мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес кәсіпкерлерге конкурстық іріктеу негізінде ұсынылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды.

– Конкурстық іріктеу өткізу үшін биыл облыс әкімінің өкімімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми білім беру мекемелері, салалық сарапшылар, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енгізілді. Жалпы 11 адам болды. Комиссия шешімі негізінде 1 тамыз бен 19 тамыз аралығында qoldau.kz цифрлық платформасы арқылы құжат қабылданды. Комиссия қарауына нақты грант көлемі 3 млрд теңгені құрайтын 673 өтінім енгізілді. Мұндағы осал топтағы азаматтардың үлесі 30,6 пайызды құрады. Ал жас кәсіпкерлер 213 өтінім тапсырды. Комиссия отырысы 31 тамыздан 8 қыркүйек аралығында өткізіліп, аудандағы ауылдағы кәсіпкерлер жобаларын онлайн, ал қала кәсіпкерлері оффлайн таныстырды. Жалпы, қағида талаптары бойынша, комиссия мүшелері жобаны 5 жұмыс күні ішінде қарап, qoldau.kz платформасында әрбір жобаға дауыс береді. Нәтижесінде жалпы 92 млн 667 мың теңгеге 26 жоба қаржыландыруға ұсынылды. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үлесі 42,3 пайызды құрап, 11 жоба қаржыландырылмақ. Сонымен қатар жас кәсіпкерлердің 11 жобасына 45 млн 667 мың теңге қаржы табысталмақ. Алдағы уақытта бұл кәсіпкерлермен басқарма «Даму» қоры арасында үшжақты келісімшарт жасалынып, қаражат аударылады. Айта кетелік, қайтарымсыз қаражаттың сұрауы бар. Өңір экономикасын көтеру, бюджет қаржысының тиімілігін арттыру үшін талап жылдан-жылға күшейтіліп келеді. Қаражаттың мақсатты жұмсалуына, жобаның толығымен іске қосылуына «Даму» қорымен мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Егер келісімшартпен алынған міндеттемелер, қағида талаптарының орындалмауы орын алған жағдайда қаражат сотпен бюджетке кері қайтарылады, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков.

Брифингке комиссия төрағасы, «Dalatex» ЖШС директоры Ділмұхамед Абызов, «K-Group LTD» ЖШС директоры, комиссия төрағасының орынбасары Қайрат Боранбаев, «NPConsulting» ЖШС директоры, комиссия мүшесі Ғалым Прекешов қатысып, қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

уап берді. – Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурсқа тапсырылған жобалар іріктелді. Әрбір бизнес жобаны тереңінен саралап, жан-жақты зерделеп, зерттеп барып шешім шығардық. Ұсынылған өтінімдердің 50-ден астамы наубайхана, кондитерлік өнім өндіруге, 60-тан астамы ет, балықтан жартылай фабрикаттар дайындау, сүт өнімдерін өңдеуге, 75-і тігін тігуге, 17-і жиһаз өндіруге, 38-і СТО, вулканизация, автожуу және детейлинг қызметтеріне бағытталған. Сонымен қатар 49 жоба денсаулық сақтау саласында клиникалар, сауықтыру орталықтарын ашуға, 37 жоба мектепке дейінгі білім беру, оқу орталықтарын ашу сияқты білім беру саласына, 23-і ойын-сауыққа бағытталған. Яғни бұл шағын кәсіп түрлері облыста жолға қойылған, жаңашылдығымен ерекшеленген жобалар аз. Айта кету қажет, биыл конкурсқа гидропоникалық әдіспен жем-шөп дайындау, биогумус шығару және жылыжай ашу жобалары көп ұсынылды. Комиссия осы жобаларды қарап, жеке дара qoldau. kz платформасында дауыс берді. Нәтижесінде 26 жобаны қаржыландыру мақұлданды.

Жобаны іске асырмаған, тиісті жұмыс орнын құрмаған, бұрын қолданыста болған, ескі құрал жабдықтарды сатып алған, тіпті қаражатты алып, өз мүддесіне жұмсаған жағдайлар да кездесті. Жасыратыны жоқ, халықтың басым бөлігі кәсіптің жауапкершілігін сезінбей отыр. Әрбір қабылданған шешімнің, бөлінген қаражаттың сұрауы болатыны ескерілуі тиіс, – деді комиссия төрағасы Ділмұхамед Абызов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: