Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР ҮЙДЕ МЫСЫҚ АСЫРАУДЫҢ КӨПТЕГЕН ПАЙДАСЫН АНЫҚТАДЫ

ҒАЛЫМДАР ҮЙДЕ МЫСЫҚ АСЫРАУДЫҢ КӨПТЕГЕН ПАЙДАСЫН АНЫҚТАДЫ

  Расында да халық арасында асыранды үй мысығына қатысты неше түрлі пікірлер бар. Базбіреулер сырқат адамдарды аурудан мысық айықтырады десе, екіншілері қарама-қарсы тұжырым айтады.
Десек те, жақында неміс ғалымдары жағымды жаңалықтың шетін шығарды, олар ғылыми негізге сүйене отырып тұжырым жасады, деп жазады Айқын.
Мельбурн университетінің мамандары жақында ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүрген адамдарға сынақ жүргізген көрінеді. Оларды ауыр жағдайдан шығару үшін жандарына мысық жіберген. Еркелеген мысықтың басынан сипаған сайын күйзелісте жүргендердің өңінде уақыт өте келе өзгеріс байқалған. Жүйкелері де тыныштала бастаған. Тіпті олар бір аптадан кейін күйзелістен тез шығып кеткен көрінеді.
Тіпті бұл жаңалықтан кейін Торонто ғалымдары да арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген. «Жалпы хайуанаттардың адамның жүйкесіне әсер етуі қандай?» деген сауал да басты орынға шыққан. Ақырында ізденіс жұмыстары көрсеткендей, күйзелісте жүрген адамның «ең жанашыры» мысық болған. Әсіресе жалғызілікті жандардың сенімді серігі мысық екен. Үйінде мысық ұстайтын адамдарға зерттеу жүргізген Финляндия мен Норвегияның мамандары да таңқаларлық нәтижені байқаған.
Мысығы бар адамдар басқалармен салыстырмалы түрде қарағанда жүрек-қан тамырлары сырқатына сирек шалдығады екен. Мысықтың пайдасы бар екенін ағылшын ғалымдары да жоққа шығармайды. Ұлыбританияда үйінде мысығы бар ерлердің 70 пайызы 85 жасқа дейін өмір сүрген. Стэнфорд университетінң ғалымдары үй жануарларын ұстайтындар рак сырқатына сирек шалдығатынын айтады. Ғалымдардың басым көпшілгі жаныңа еркелеп келген мысықты басынан сипалау адамның қан қысымын төмендетіп, күйзелісті жояды деген пікірге басымдық беріп отыр.

http://stan.kz/

05 қазан 2017 ж. 4 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 154 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам