Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нұртөре Жүсіп Сыр журналистерімен кездесті

Нұртөре Жүсіп Сыр журналистерімен кездесті


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР жазушылар және журналистер Одағының мүшесі Нұртөре Жүсіп Сыр елінде БАҚ саласының өкілдерімен жүздесті.
Журналист әріптестеріне «Дәстүрлі және заманауи медиа» тақырыбында дәріс оқыған Нұртөре Байтілесұлына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов өз алғысын жеткізді.
Нұртөре Байтілесұлы дәріс барысында «Расын айту керек, қазір әлеуметтік желілердің заманы, сондықтан газет-журналдардың таралымын кеміді, оқырманын көбейті үшін жаңа формат қалыптастыру қажет. Бірақ бұл бізге бұл ақпарат-құралдарының мүлдем қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Дәстүрлі медианы жаңа заманға сай бейімдеуіміз керек. Атап айтсақ, көптеген қазақ тілді газеттер мәселені көтергенмен, оның шешілуін толық қадағаламайды. Көтерген проблемасының нәтижесіне үңілмейді. Сондықтан қоғамда бұлар айтады, жазады қояды деген пікір қалыптасты. Ал, желілерде мәселені көтересің, оның жауабын тиісті органдардан күтесің, ақпараттың әсер еткендігіне көз жеткізесің. Сондықтан, біз дәстүрлі медианы осы әлеуметтік желі сынды әсер қалдыратындай деңгейге жеткізуіміз керек. Жаңа форматын қалыптастырып, журналистиканы арттыруға жұмыс жасауымыз қажет» - екендігін білдірді
Сондай-ақ осы шарада «Хабар24» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Қамбар Бекенов жас журналистерге «Ақпарат алу мен оны жылдам тарату» тақырыбы жайлы кең мағлұмат айтты. Қ.Бекенов сонымен бірге телевизия саласында жұмыс істеуге ниетті жастарға осы саладағы тілшіге тиісті тіршілікті баяндады. Сыр журналистерінің мәртебесін көтеру, білімі мен тәжірибесін арттыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасымен ұйымдастырылатын семинарлар жыл аяғына дейін жалғаспақ.
19 қазан 2019 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

№48 (1649)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 483 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам