Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бала иммунитетін көтерем десеңіз

Бала иммунитетін көтерем десеңіз

Баланың иммунитеті жоғары болып, әртүрлі ауруларды өздігінен жеңе білуі әр ата-ананы ойландыратын мәселе. Алайда иммунитет көтереміз деп ауырмай жатып түрлі дәрі-дәрмекке жүгініп, дәріхана табалдырығын тоздырудың қажеті шамалы.
Себебі дәрілер ағзаның бір мүшесіне пайдасын тигізсе, екінші мүшесіне зиянын тигізетінін бәріміз білеміз. Сол себепті қандай жағдай болса да барынша табиғи тәсілдерді қолданған абзал. Жаңа туған нәресте иммунитетті бірінші кезекте ана сүтінен алады, анасының иммунитеті, денсаулығы жақсы болса, бала үшін де еш уайымдаудың қажеті жоқ.
Ал шақалақ алты айдан асқаннан кейін ақырындап иммунитетін өздігінен қалыптастырады. Міне, осы кезде ата-анасының көмегі керек. Баланы үп еткен желден қорғаштай бермей, керісінше, бірте-бірте салқындау температураға төзімді етіп үйреткен жөн. Жаман ауа райы болмайды, күн райына лайықсыз киім ғана болады. Ауа райы қандай болса да баланы таза ауаға далаға жиі шығарыңыз. Жуындырған кезде ысқылтым судың орнына жылылау су қолданыңыз. Бала денесі осылай өзі үйренісе бастайды. Уақытылы екпеден (прививка) қалдырмау да бала иммунитетін көтеруге көмектеседі, оның пайдасы болмаса ешқандай зияны жоқ. Таза ауада серуендеп келгеннен кейін баланың беті-қолын жууды әдетке айналдырыңыз. Таңертеңгілік жаттығу ересектердің ғана міндеті емес, бала бір жасқа толмаған болса, өзіңіз қол-аяғын созып, шынықтырыңыз.
Күнделікті жеткілікті мөлшерде су ішіп, тамағы тоқ, ұйқысы қанық болған баланың иммунитеті әлсіз болмайды. Сонымен қатар балаға әрдайым көңіл бөліп, ойнатып, мейіріміңізді төгіп, көңілі көтеріңкі болуын да қадағалаңыз. Ол жататын бөлменің ауасын тазартып, желдетіп отыруды ұмытпаңыз. Осы әрекеттердің барлығы баладағы мықты иммунитеттің кепілі. С дәруменімен ағзасын қуаттандырып, тәтті, майлы тағамдарға әуес болмауға дағдыландырыңыз.
28 қазан 2019 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам