Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Белгілі журналистер шеберлік дәрісін өткізді

Белгілі журналистер шеберлік дәрісін өткізді


Журналист бір салаға терең бойлап, сол тақырып төңірегінде көп ізденсе, онда оның ақпараты мәнді әрі құнды болмақ. Бүгінде бізге жетіспейтін осы - салалық журналистика. Сондықтан журналистикаға бет бұрған әрбір жас өзін осы бағытқа бейімдегені жөн. Бүгін белгілі журналист Серік Жанболат Сыр журналистеріне осындай ой айтты.
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының үйлестіруімен өткен осы шарада Қазақстан Журналистері академиясының академигі Серік Мейрамбекұлы бұдан бөлек қызылордалық әріптестеріне "Ақпарат газетін шығару жолдары" мен "Сараптама бағдарламасын қалай ұйымдастыру керек?" деген мәселелерді де кеңінен қозғады.
Аймақтағы БАҚ саласының өкілдері осы семинарда облыстық "Сыр бойы" газетінің журналисті Жолдасбек Ақсақаловтың да дәрісін тыңдады. Ж.Ақсақалов жас журналистерге қазақ журналистикасының кешегісі мен бүгінгісі жайлы айтып, журналистің дерек алу тәртібі мен оны өңдеу жолдарын түсіндірді. Шара соңында қатысушылар қос қаламгерге сауалдарын қойып, өз мамандықтарын жетілдіру жолдарын жан-жақты талқыға салды.
21 қараша 2019 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (1614)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (1613)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (1612)

11 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 387 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам