Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мемлекеттік тіл мерейі

Мемлекеттік тіл мерейі


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды.
Атап айтқанда, аппараттық және жедел мәжілістер, іскерлік іс-шаралар, хаттамалар, қаржылық, есептік статистикалық құжаттар түгел мемлекеттік тілде жүргізіліп келеді. Қызметкерлердің барлығы іс-құжаттарды мемлекеттік тілде толтыра алады. Сөзіміздің дәлелі, жыл басында қызметкерлер тіл білудің «А2» деңгейі бойынша диктант тапсыру кезінде ойдағыдай нәтиже көрсетті. Облыстық тілдерді оқыту орталығының оқу курсында латын әліпбиін жетік меңгерген 17 қызметкер сертификат алды. «Қазтест» жүйесі негізінде алынған диагностикалық тестілеу көрсеткіші де көңілден шықты.
Департамент пен орталық бірлесіп «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мемлекеттік тілдің рөлі» атты тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында орталық қызметкерлері жаңа әліпбиге көшу, жаңа емле ережелері туралы айтты. Сұрақтарға жауап қайтарды. Сондай-ақ, Департаменттің басқарма және бөлімдері арасында «Елім менің» атты мәнерлеп оқу жарысы болды. Онда оза шапқан үздіктер марапатталды. Қазақстан халықтарының тілдері күніне, сонымен қатар, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай жолы» эпопеясы бойынша викториналық сайыс өткізілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, мерейін асқақтату мақсатында мұндай шаралар жалғаса бермек.

Р.Мамекова,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы
бойынша департаменті кеңсесінің бас маманы.
24 желтоқсан 2019 ж. 710 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (1661)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (1660)

04 тамыз 2020 ж.

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 829 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам