Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шырқы бұзылған шаңырақ

Шырқы бұзылған шаңырақ

 Кеңестік кезеңнің де келісті тұсы көп еді. Жеті өлшеп, бір кескен жағдайлар өмірге нұсқа болды, еңбек процесін еселеуге ерік берді. Әскери борышын өтемеген жігітті жұмысқа қабылдау неғайбыл еді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар ғана әскерден босатылды. Қыз он сегізге толмай отау құруға құқы болмады. Бұл мемлекеттік маңызды шараның бірі болатын.
Әрине, өмір мектебі қатал, шыдамаған шеттеп жатыр. Өйткені ол – болашақтың баспалдағы. Болашаққа батыл күрескер, біліктілік ғана қатыса алады. Сол өмір мектебінің ішінен ұлға да, қызға да екі мектептің тәрбиесі ауадай қажет. Ұлға әскери мектеп пен еңбек мектебінің орны өзекті. Әскери мектеп тазалыққа, тәртіпке, ауызға бекем болуға, тіпті өзіңе қатысты қажеттілікті қамдай алатын жағдайға жеткізеді. Еңбек мектебі қиындықты жеңуге, қияннан жол табуға үйретеді, маңдайдан аққан бір тамшы тердің құнын түсіндіреді. Қанша жоғары лауазымды қызмет істесе де кетпенді келістіріп шабуға, балғаны дұрыс ұруға тәрбиелейтін еңбек мектебі еркек ептеуге тиіс ерекшелікті беліне байлап берді.
Қызға шеше мектебі мен ене мектебінің маңызы бөлек. Бүгінгідей «басына түссе өзі-ақ үйреніп алады» деп емес, «маған ертең сөз келеді» деген мақсатпен қызына ас әзірлеу, тігіс тігу секілді келешек іске баулуға әрбір шеше ерте бастан шындап кірісті. Содан кім жаман болды?
Рас, қыздың бәрі де бақытты болуға талпынады, бірақ бақыт оңайлықпен ұстата қоя ма? Келін барған босағамның кем-кетігін толтырам деп келсе бақыттың бастауы сол. Қазір үй шаруасын ептемек түгілі, ұлттық тағам – еттің қамырын илей алмайтын қыз жетерлік.Тұрмыс құруға дайын емес, білек түріп белсеніп кетуге қауқарсыз. Ал, дәстүр мен салтқа ене мектебінің түрткі-түсінігі тағылымды.
Жалпы, жақсылыққа ұмтылу жас кезден қалыптасады. Ықылас пен ынта болса барлық мәселенің шешімі бар. Замана дамуымен бірге өзіңді де дамытып отырған қандай жарасымды.
Қазір статистикалық мәлімет ерлі-зайыптылардың ажырасуын көп деп мәлімдейді. Оның астарына қай маман үңіліп, қандай себеп тауып отыр. Бақсақ, бізде есепке ғана мән беріледі. Сараптама жасайтын ұйым мүлдем жоқ. Кезінде ғалым Мақаш Тәтімов ғана там-тұмдап талдау жасайтын. Одан бергі уақытта бас ауыртып, байыбына барған некен-саяқ. Кейбір кісілер жастардың бір-бірін жақын танымағанын алға тартады. Меніңше, бұл сылтауға ұқсайды. Былайғы сөзді қойғанда, елу жыл бір төсекте жатып, бір-бірінің сырын жүз пайыз ұққан ешкім жоқ. Немесе кезінде құдандалы болған адамдар қыз бен жігітті бір көргеннен кейін-ақ қосты. Осыдан кемдік болды деп кім айта алады?
Екіншіден, қиыншылыққа қарсы тұру қабілеті аз. Бұл ұлға да, қызға да тән жағдай. Қыздың жасауын бергенде байқайтынымыз – жас отау үшін не керектің бәрі қамтылады. Ыдыс-аяқ, төсек орын, тұрмыстық техника жөнінен ешбір мұқтаждық болмайды. Тек азық-түлік ғана жетіспейді. Яғни дайын асқа тік қасық.
Үшіншіден, жұмыссыздық. Ақша үшін айқай-шу көп. Тепсе темір үзетін азаматтар екі қолға бір жұмыс дегенге немқұрайлы қарайды. «Отбасын құрдым, енді оның берік болуына жауаптымын» дейтін ықылас аз. Осының салдары отбасының ойранын еселейді.
Төртіншіден, бедеулік пен белсіздік. Денсаулық мәселесіне дұрыс көңіл бөлінбейді. Қыз әдемілік үшін қатал қыс айында да жұқа-желең жүре береді. Оның «болашақ анамын» деген пікірді санаға сіңіру әдебі ұмыт қалады. Ұлдың да ұмытқан ұғымы шашетектен. Бала болмаудың кінәратын бір-бірінен көріп, көп уақытты жоғалтып алады. Соның ақыры ажырасуға итермелейді.
Бесіншіден, баспана. Қазіргі келіндер ене баққаннан енші алып, бөлек шыққанды құп көреді. Әрине, жас отбасыға ерте бастан дайындап қойған ешкімнің үйі жоқ. Амал жоқ, пәтер жалдайды. Оған ай-майы пәтерақы төлеуге дәрменсіздік туындап, соңында сергелдеңге түсетіні белгілі.
Алтыншы, сөзге ергіштік.Өсек көп. Біреудің сөзіне сеніп, бүтін отбасы быт-шыт болып жүр. Қызды шешесі, ұлды енесі қорғаштайды. «Ішіме сыйған қыз сыртыма да сияды» деген сөз үдеп кетті. Бұл қыздың құлағын көтеріп, соның серпінінен жан серігіне деген салқын сезім ұялайды. Осының кесірінен ерлі-зайыпты екіге айырылып кетуі әбден мүмкін. Бейбіт заманда жесірдің артуы жақсылық емес. Және жеңіл жүрісті әйелдердің басым бөлігін осы жесірлер құрайтыны шындық.
Жетіншіден, қызғаншақтық. Әсіресе, ұялы телефоннан келетін кесапат көп. Ит пен мысықтай өмір сүру дағдысы етек алды. Бірін-бірін аңду, кім телефон соқты, соны білуге құмарлық тергеуші мен қылмыскер арасындағы диологқа ұқсайды. Бұл бақытқа апаратын жол емес.
Міне, біз бүгінгі болмыстағы баянсыз көріністі осылай елестеттік. Бұған сіздің қосарыңыз болса, мархабат!

Қ.Құрбан
11 наурыз 2020 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 018 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам