Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі қызылордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Облыс әкімі қызылордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады




Құрметті жерлестер!
Табиғат-Ана жаңаратын, тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңғыратын, жер-дүние бусанып, күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!
Бес мыңжылдық тарихы бар әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, болаттай берік бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Бұл күні қыстан аман шықтық деп қуанған жұрт ағайын арасында болған өкпе-ренішті ұмытып, бір дастархан басында табысып, бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді. Жаңа жылға жақсылықпен жеткеніне шүкіршілік етіп, келер жылдан кемелдік тілеп, ақ пейілдерін арнайды.
Халқымыз бұл кезеңді береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санаса, мейрамды кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесіне балаған.
Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық этностың ортақ мерекесіне айналды. Этносаралық, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, ұлттық салт-дәстүрлердің қайта жаңғыруына үлес қосты.
Осы ретте, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жасалған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларына сәйкес «Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың мәні жоғары.
Өйткені, Наурыз – ұлттық бірегейлік пен үйлесімнің, береке мен бірліктің мерекесі.
Қадірлі жерлестер!
Биыл Наурызды мерекелеудің жаңашылдығы енгізілген еді.
Алайда, бүкіл әлемді жайлаған қатерлі індетке байланысты, өкінішке қарай, Наурыз мейрамын бұқаралық сипатта атап өтуге мүмкіндік болмай отыр.
Дегенмен, төл Жаңа жылымызды отбасылық мерекеге айналдырып, мерекені жақын-жуықтың арасында қарсы алудың да мәні зор.
Қазіргідей күрделі кезеңде денсаулығымыздың қауіпсіздігі үшін сақтық шараларын орындауымыз қажет.
«Тәртіпке бас иген құл болмайды» – дейді дана халқымыз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда, облыс көлемінде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар қабылданды.
Күнделікті арнайы штаб жұмыс істеуде.
Облыста барлық медициналық ұйымдар үздіксіз қызмет көрсетуде. Сауда орындары мен базарларда азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті.
Барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау тоқтатылмайды.
Ардақты ағайын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы елімізге, әрбір отбасына ауызбіршілік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
21 наурыз 2020 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (1661)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (1660)

04 тамыз 2020 ж.

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 830 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам