Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Психолог кеңесі: Карантиндегі қорқыныштан қалай арыламыз?

Психолог кеңесі: Карантиндегі қорқыныштан қалай арыламыз?

Қазіргі елдегі жағдайға байланысты бірі паника, енді бірі ашуланып, кейбірі үйде болғанына қуануда. Жалпы, біздің психикамызда не болып жатыр? «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, аймаққа танымал психолог Сымбат Әбдірахманова карантин режиміне байланысты үйде отырған азаматтарға мынадай кеңес береді.
1. Әлемде болып жатқан жағдай, карантин – бұл дағдарыс. Дағдарыс дегеніміз енді бұрыңғыдай болмайтын және жаңадан не болатыны белгісіз жағдай. Біздің міндетіміз осы жағдайға бейімделіп, дағдарыстан шығуға дайындалу
2. Кез келген адам коронавируспен ауырып қалмайды. Ол үшін адам бетперде кимей, қолын жумай, сақтық шараларын жасамай жүру керек. Ал, ауырғыңыз келмесе, сақтық шараларын бұлжытпай орындаңыз
3. Паника мен қорқыныш қалыпты реакция. Себебі қорқыныш алдағы қауіптен қорғану сезімі. Паника дағдарыс болғаннан кейін орын алуда. Ал қорқыныш егер үрей мен паранойяға айналса, келесі пунктті оқыңыз
4. Ақпарат пен жаңалықтарды фильтрден өткізіңіз. Жаңалықты күніне екі рет оқу жеткілікті. Әйтпесе сіз ақпараттық жолақтың құрбанына айналасыз.
5. Артық дүниеден құтылыңыз. Сізге керегі жоқ заттарды, ойыншықтарды, киімді таратып беріңіз. Танымайтын, араласпайтын, қызық емес адамдарды әлеуметтік желідегі достардан өшіріңіз, пайдасы жоқ топтардан шығыңыз, телефонда керегі жоқ суреттерді өшіріңіз.
6. Қамқорлық танытыңыз. Үлкен кісілерге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, көршілерге көмектесу адамның энергиясын көтереді.
7. Келеңсіз жағдайлар орын алғанда адам 5 кезеңнен өтеді . Бас тарту (ой Құдай сақтасын, маған ешнәрсе болмайды), ашулану (неге бұлай жасамайды, неге олай жасамайды), саудаласу ( бірінші біздің қалаға келсін, сосын киемін бетперде), депрессия ( ауырып қалсам ше), қабылдау (болатын жағдай болды, енді не істеуім керек). Бұл кезеңдер әркімде әртүрлі өтеді және әр адамға әр қезеңнен өту үшін әртүрлі уақыт керек. Мүмкіндігінше, соңғы кезеңге тезірек жетіңіздер.

Өзіміз үшін, жақындарымыз үшін сақтық шараларын бұлжытпай орындайық!


10 сәуір 2020 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 568 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам