Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Карантин уақытында балалармен бірге уақыт өткізудің ерекше 6 тәсілі

Карантин уақытында балалармен бірге уақыт өткізудің ерекше 6 тәсілі

Карантин режимінде баламен үйден шықпай отыру ата-ана үшін де, бала үшін де стресстік жағдай. Сондықтан денсаулыққа зиян келтірмей, бұл уақытта тиімді өткізудің тәсілін табуға болады. Бұл ретте аймаққа танымал психолог Сымбат Әбдірахманова ата-аналарға мынадай кеңес береді.

Бірге тамақ жасаймыз.
Балаларға бірге тамақ жасаған ұнайды, әрі бұл дағды оған алдағы өміріне қажет болады. Тек бір өтініш, тамақ жасауды оның күнделікті міндетіне енгізіп қоюдың қажеті жоқ. Тамақ жасау барысында балаңызбен сөйлесіңіз, өміріңізде болған оқиғаларды еске алыңыз. Бұл сіздерді жақындастырады. Сонымен қатар, карантин уақытында балаңызға "тамақ блогері" бол деп айтуға да болады. Тіпті ол видеоларды ата әжесі, туыстар ғана көрсе де, бала үшін қызықты болары сөзсіз.
Ютуб желісінде кулинариялық бағытта қызықты ток шоуларды да көруге кеңес беремін. Мысалы, "Лучший повар Америки: Дети", "Мамина кухня", "Кухонька", "Вкуснятово" т.б

Тазалау
Карантин уақытында үйді керек емес заттардан тазалауға болады. Мысалы, балаңызбен бөлмені фен шуй бойынша орналастыру, балаңыздың ескі киімінен жаңа киім жасау, капсулды гардероб жасау (киімнің арнайы түсіне, модасына қарай образдар жасау)

Армандар картасын жасау
Үйді жинау барысында шыққан журналдардан, балаңызбен армандар картасын жасаңыз. Армандар картасын жасау барысында балаңыздың не туралы ойлайтынын, нені армандайтынын біле аласыз. Ол үшін үлкен қағаз алып, ортасына балаңыздың суретін қойып, жан жағына балаңыздың армандарының суреттерін бірге отырып жапсырыңыздар. Жасап отырған кезде әңгімелесуді, өзіңіздің де армандарыңызбен, мақсаттарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Цифрлы шығармашылықпен айналысыңыз
Гаджет үнемі жаман емес. Оның қолданыс аясын кеңейтуге тырысыңыз. Мысалы, балаңызды суретке түсіруге немесе видеоға түсіруге қызықтырыңыз. Ол үшін "карантин уақытындағы біздің отбасының қызықты сәттері" деген сияқты фотожинақ жасаңыздар.

Ерекше сценарий жазыңыз
Әрбір баланың қиялы бай келеді. Бүкіл отбасыңызбен мультфильм сценарийін жаза аласыздар. Кейіпкерлердің атын, мінезін, түрін ойлаңыздар. Сонымен қатар, отбасылық фильм түсіруге болады. Мысалы анасы сценарий жазып, әкесі диалогтарды жазып, балалар декорация, костюм, локация дайындай алады. Мүмкін Оскар алмассыз, алайда, карантин уақытын қызықты өткізе аласыз.

Спортпен шұғылдаңыздар
Тамақ дайындау, шығармашылықпен айналысу әрине жақсы, алайда баланың төрт қабырғада үнемі отыруы физикалық белсенділігін төмендетуі мүмкін. Күнделікті таңертең таңғы жаттығуды отбасыңызбен жасауды әдетке айналдыруға болады.
Ютуб каналынан Кэсси Хоның "карантин уақытындағы екі апталық жаттығуларын" жасауға болады, сонымен қатар телефонға үш жастан асқан балаларға арналған Yoga for kids қосымшасын жүктеуге болады. Йога тек стресстен құтқармайды, сонымен қатар ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінді дамытады.


14 сәуір 2020 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

№49 (1650)

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 566 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам