Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САРБАЗДАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

САРБАЗДАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында бүгін Тереңөзек кентінде өткізілген «Қарттар – тарих, ел қазынасы» мерекелік іс-шарасында сырдариялық бірқатар жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Жас ұрпаққа патриоттық бағытта серпін беретін іс-шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Өтегенова сөз сөйлеп, міндетті әскери қызметті өтеуге аттанып бара жатқан жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
– Халқымызда «Отан мен отбасы егіз ұғым» деген даналық сөз бар. Отанды қорғау міндеті елдің ержүрек азаматтарына жүктелетіні белгілі. Елжанды, патриот азаматтар ғана елге қалтқысыз қызмет етеді. Осы ретте, мектеп қабырғасында тәлімді тәрбие алып, қоғамда жақсы қырынан таныла білген Сізге әскери парызды өтеу барысында жетістіктер мен сәттіліктер тілеймін. Әскери қызметте абырой тұғырынан көрініп, ата-аналарыңыздың үмітін, ұстаздарыңыздың сенімін ақтауға тілектестігімді білдіремін,- деген Балшекер Сұлтанбекқызы жас сарбаздарға құттықтау хат табыс етті.
Іс-шара барысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы егемен елдің тыныштығы жолында әскерге аттанған сарбаздар жастар үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өткен салтанатты шарада патриоттық әндер айтылып, аудан өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 желтоқсан 2017 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (1409)

23 қаңтар 2018 ж.

№6 (1408)

20 қаңтар 2018 ж.

№5 (1407)

16 қаңтар 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 375 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам