Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алманың қабығы қандай ауруға ем болады?

Алманың қабығы қандай ауруға ем болады?


Ешқашан алманың қабығын тастамаңыз.

Алма – мезгіл таңдамайтын жемістердің бірі. Қай кезде де алманың сан түрі самсап тұрады. Бұл жеміс дәмді әрі денсаулыққа өте пайдалы. Оның құрамында С, Е, В1, В2, Е, Р дәрумендері мен калий, марганец, кальций, темір секілді минералды заттарды кездестіруге болады. Әсіресе суық тиіп ауырған кезде кез келгеніміз алма жейміз. Ол тәбетті ашады әрі қарныңызды тойдырады. Бірақ көпшілігіміз алманы қабығымен жеуге әдеттенбегенбіз. Бірақ жемістің құрамындағы пайдалы заттардың бәрі алманың қабығында екенін ескермейміз. Негізінде алманың қабығының өзі бірнеше дертке дауа болады екен. Назар салыңыз...

ЖӨТЕЛ ЖАЗЫЛМАСА...
Суықтап ауырған кезде дәрі қабылдап, ем жасаймыз. Кей кезде дәрі біткенімен жөтел жазылмай жатады. Осы кезде алма қабығының көмегіне жүгініңіз. Ол үшін 1 ас қасық ұсақтап туралған алма қабығына 1 стақан қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 40 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 2 рет ішесіз. Емді 3 күн үзбей жүргізсеңіз, жөтелден біржолата құтыласыз.

БУЫН СЫРҚЫРАП АУЫРСА...

3 ас қасық ұсақтап туралған алма қабығын 500 мл қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тұнба жылыған кезде сүзіп алып, 3-ке бөліп ішесіз. Бұл шай буын аурулары мен тұз байлануды емдейді.

ТАМАҚ АУЫРҒАН КЕЗДЕ...

100 гр. алманың қабығын 1 литр қайнаған суға салып, 5 минуттай қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң оттан алып, бетін жауып қоясыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, 200-300 мл-ден ішесіз.

ҚАНАЗДЫҚТАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН...


1. Көк алманы қабығымен ұсақтап турап, кеңдеу ыдысқа саласыз. Оған асқабақты да текшелеп турап қосыңыз. Ыдысқа 15 стақан су құйып, отқа қойыңыз. Алма мен асқабақ жұмсарып, қоюланғанша баяу отта қайнатасыз. Сосын оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, тағы да 15 минут қайнату керек. Дайын болған емдік қоспаны үлкендерге де, кішкентайларға да қолдануға болады. 2. 1 дана алманың қабығын эмаль немесе шыны ыдысқа салыңыз. Оған салқын су құйып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, қақпағын қиғаштап жабыңыз. Шамамен 5 минуттай қайнаған соң ыдысты оттан алып, бетін жауып қоясыз. Бөлме температурасында жылыған кезде қайнатпаны сүзіп басқа ыдысқа құйыңыз. Ем үшін бірдей көлемде алма шайы мен лимон немесе апельсин шырынын араластырасыз. Оған татымына қарай бал қосып, ішіңіз. Бұл сусын ағзаны қаназдықтан құтқаратын С дәруменіне бай.

ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ МАЗАЛАСА...
2-3 алманың қабығын аршыңыз. Ыдысқа 1 стақан су құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң алманың қабығын салып, отын бәсеңдетесіз. 5 минуттай қайнаған кезде татымына қарай бал немесе қант қосыңыз. Дайын болған сусынды ұйқыға жатар алдында ішсеңіз, терең ұйқыға кетесіз. Таңертең ұйқыңыз қанып, сергек оянасыз. Бұл сусын ұйқыны реттеп қана қоймайды, сонымен бірге жүйкені де тынықтырады.

ІШЕКТІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ
Алманы қабығынан аршып, 50 градусқа қойып кептіріп алыңыз. Сосын құрғақ қабықты блендермен ұсақтау керек. Оны 2 ас қасық кебекпен араластырыңыз. Қоспаға 150 мл ыстық су құйып, жақсылап араластырыңыз. Ыдыстың бетін мықтап жауып, 15 күндей тұндырып қоясыз. Белгіленген күннен соң дайын болған тұнбаны ішке қабылдасаңыз болады. Бұл әдіс ішекті шлактан тазартып, жұмысын жақсартады әрі артық салмақтан арылуға көмектеседі.

22 мамыр 2020 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 159 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам