Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

«ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

  Бас прокуратурамен әзірленген «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын жүзеге асыру үшін құрылған арнайы жұмысшы топ Қазалы ауданында болып, жоба бойынша жұмыстар жүргізді.
Жобаның қорытынды шарасында аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаевтұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын алу мақсатындағы жобаның ауданда сәтті жүзеге асырылғанын айтты.
Жұмысшы топ бес күн бойы аудандағы түрлі сала өкілдерімен: білім саласы мамандарымен, спортшылармен, мешіт имамдарымен, дәрігерлермен, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырып, тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.
Сонымен қатар, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» тақырыбында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар проблема. Ол өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді.Кейінгі жылдар ішінде елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заң қабылданды. Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалшыларға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Соның арқасында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың азаю динамикасына қол жеткізу мүмкін болды. Алайда бұл проблема әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып отыр.
Жалпы, бүгінде елімізде отбасы-демографиялық саясатына ерекше назар аударылып отыр. Демографиялық өсімнің жақсарып, Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетуі және халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 10 жылға ұлғаюы – мемлекеттің әрбір отбасыға қамқорлық танытуға бағытталған Елбасымыздың сарабдал саясатының жемісі.
Отан – отбасынан басталатынын ескерсек, жанұядағы береке-бірліктің сақталуына, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға және ана мен бала құқықтарының қорғалуына күш салуымыз қажет.
09 қазан 2017 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам