Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "ЖАСЫРЫН САТЫП АЛУШЫ" ЖОБАСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

"ЖАСЫРЫН САТЫП АЛУШЫ" ЖОБАСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен халық үшін маңызды қызметтерді алуда мемлекеттік органдар тарапынан кездесетін кедергілерді айқындау және жемқорлыққа жағдай туғызатын әкімшілік кедергілерді жою мақсатында ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында "Жасырын сатып алушы" жобасы жүргізілді.
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Марал Байқуатованың айтуынша жүргізілген Жоба нәтижесінде 47 мемлекеттік органда 124 заңбұзушылық, атап айтқанда, қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау, артық құжат талап ету, қызмет алушыларға, мүгедектерге жағдайлар жасамау (пандус орналастырмау), қызмет алушыларға қолжетімді нысанда қызмет көрсету стандарттарын орналастырмау, қызмет берушінің жұмыс уақытында болмауы сияқты бұзушылықтар анықталды.
Қазіргі таңда жоба аясында анықталған заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға 87 ұсыныс беріліп, оның 68-і орындалды.
Сондай-ақ, бұзушылықтарға жол берген 11 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоба нәтижесінде, 8 мемлекеттік органда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус орналастырылса, қолжетімді нысанда қызмет алу үшін 11 ақпараттық тақталар жаңартылды.





09 қазан 2017 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 226 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам