Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

  Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері бірқатар нысандарды аралап, жылу маусымына дайындық барысымен танысты.
Солардың бірі – Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі. Білім ордасының іргетасы 1975 жылы қаланған. Аталмыш оқу орнына өткен жылы күрделі жөндеу жүргізіліп, есік-терезелері жаңартылған. Биыл жылу құбырлары, акт және спорт залдарының батереялары ауыстырылды.
– Мектеп көптен бері жөндеу көрмеген еді. су құбырларының тозығы жетіп тұрған. Өздеріңіз байқағандай оқу ошағы қайта жөнделіп, жаңа оқу жылын жоғары көңіл-күймен қарсы алдық. Алдағы қыс мезгіліндегі жылу беру маусымына дайынбыз, – дейді мектеп директоры Алтын Ізбасова.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітовтің айтуынша, 182 мекеме, 213 шаруашылық нысан орталықтандырылған жылуға қосылды. Сонымен қатар, 84 білім нысаны қажетті қатты көмір және сұйық отынмен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, 5 мектепке орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қазіргі таңда 4 мектеп жөндеуден өтуде. Оған бюджеттен 55 млн. теңге бөлінген.
Мұнан соң баспасөз өкілдері Қазантаев көшесінде атқарылып жатқан жұмыстарды аралап көрді. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Біржан Далабаев:
– Қаланың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы қалалық штаб құрылды. Биыл жылу жүйелері мен қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізуге 904 млн. теңгеден астам қаржы қаралған. Қазіргі таңда «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі тарапынан жоспарланған 11,3 шақырымның 10,2 шақырымына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, «Еуропалық қайта құру және даму банкі» арқылы қаржыландырылатын 7,8 шақырымды құрайтын 4 жобаның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде, – деді.
Қалада жылу желілерін қайта жаңарту қарқынды жүргізілуде. Соңғы 5 жылда қаладағы 60 пайыз магистралды жылу желілері жаңартылды. Көпқабатты тұрғын үйлер мен жол бойы жұмыстары 5 қазанда түгел аяқталып, сынақ мерзімі басталады. Ал 15 қазанда жылу беру жұмыстары толығымен іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.
Суретті түсірген:Н.НҰРЖАУБАЙ.


10 қазан 2017 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам