Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢА КОДЕКС КҮШІНЕ ЕНДІ

ЖАҢА КОДЕКС КҮШІНЕ ЕНДІ

  Өткен жылы бизнес қауымдастығының пікірін ескере отырып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық экономика министрлігі жаңа салық кодексінің жобасын әзірлеген болатын. Соңғы жарты жылда түрлі деңгейдегі талқылаулардан өткен соң жаңа кодекс биылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Осыған орай жан-жақты түсіндірме жұмыстары жалғасын табуда. Қаладағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық және кеден кодексінің ерекшеліктерін, толықтырулар мен өзгерістерін түсіндіруге арналған семинар өткізді. Департамент басшысының орынбасары Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен өткен басқосуға кәсіпкерлер, жалпы салық төлеушілер мемлекеттік мекемелер мен түрлі компания өкілдері қатысты.
Қазақстанның жаңа даму сатысы және әлемдік экономикалық өсу қарқынына ілесуі, салық-бюджет саясатына көп байланысты. Семинардың негізгі мақсаты – жаңа кодекс салық салу идеологиясын өзгертіп, салық төлеушілерді қорғауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, әкімшілік қызметті жеңілдетуге бағытталған. Яғни, көпшілікті салықты өз бетінше төлеуге бағыттау. Негізгі идеология – барлық түсініксіз баптар мен қателер салық төлеушінің пайдасына шешілетін болады. Бұл салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік береді. Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет етсе, кейін ол ұстаным өзгерген болса, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданбау ұсынылады.
Сондай-ақ, бұл кодекс 88 тараудан, 773 баптан тұрады. Өзгерістер барлық саланы қамтиды. Жекелеген тиімсіз жеңілдіктер алынып тасталды. Мәселен, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты, БСҰ-ның талаптарына қайшы жеңілдіктер алынды. Енді ішкі өндіріс тауарлары мен импорт тауарларына бірдей шартта салық салынатын болады.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режимдері сақталған. Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 11 пайыздан 9,5 пайызға дейін төмендетілген. Заңға жеке кәсіпкерлікті тіркеу туралы да бірқатар өзгерістер енгізілген. Ал, салықты патент бойынша төлейтін салық төлеушілердің жұмысын жеңілдету үшін бірқатар жаңалықтар бар.
Жаңа кодекс жеке тұлғалардың несие бойынша қарыздарын кешірген кезде жеке табыс салығынан босату ұсынылды. Салық төлеушілерге жер және мүлік салығын бір жыл кейінге қалдырып төлеуіне рұқсат беріледі. Сайып келгенде, осы құжат адал салық төлеушінің мүддесін қорғайды. Ынталы салық төлеушіге бақылау азаяды, есеп тапсыру және қарыз сомасын төлеу жағдайларында жеңілдіктер қарастырылмақ. Заң нормаларының 2019-2020 жылдары қолданысқа енгізілетін тараулары мен баптары бар.
Сонымен қатар, биылдан бастап жаңа «ҚР кедендік реттеу туралы» кеден кодексі қолданысқа енді. Бұл құжат кедендік операцияларды жеңілдетуге және жеделдетуге, отандық бизнестің уақытын, қаржылық шығындарын төмендетуге бағытталған. Оның негізгі идеясы халықаралық сауданың дамуына жәрдемдесу болып отыр. Кеден кодексінің негізгі жаңалығы – электрондық кедендік декларациялаудың басымдылығы. Яғни, енді қағаз түріндегі декларациялау тек қана апаттық және ақпараттық жүйе ақауларының анықталуы сияқты ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Жыл басынан бері электронды декларациялаудың Астана-1 ақпараттық жүйесі экспорт режимі бойынша іске қосылды. Жаңа жүйе Бүкіләлемдік сауда ұйымының келісім талаптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа кеден кодексіне сәйкес жасалған. Біріктірілген тариф және форматты-мазмұнды бақылау ендірілген деректердің нақты уақытпен толық тексерілуіне мүмкіндік береді. Оған қоса кедендік салықтар мен төлемдерді автоматты түрде есептеп, өндіруді жүзеге асырады.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.



















22 қаңтар 2018 ж. 793 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 321 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам