Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛДАҒЫ КҮНГЕ БАҒДАР

АЛДАҒЫ КҮНГЕ БАҒДАР

 Елбасының биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуы үшін көптеген келелі мәселелер қозғалды. Мемлекеттің келешек көкжиегін кеңейтуге жол ашатын аса маңызды құжат атқарылатын жұмыстарға серпін беретін жол бағдарымызға айналған.
Жолдауда Елбасы: «Адамдарды нәтижелі еңбекке тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек» деп баса айтты. Бұл бағытта нәтижелі іс-шаралар атқарылып келеді. Былтыр елімізде басталған «Бастау Бизнес» жобасы біздің облысымызда пилоттық режимде 5 ауданда – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорғанда қажетті іс-шаралар жүргізілді. Жыл көлемінде 937 ауыл азаматы оқытылып, 358 адамның жобасы қаржыландырылды. Ол жергілікті жұртшылықты жаппай кәсіпкерлікке тартуға, еңбекпен қамтуға айтарлықтай сеп болды.
Мемлекет басшысы да бұған қатысты Жолдауда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық» деп жоғары бағасын берген.
Биыл да бұл жоба жалғасатын болады. Жоспар бойынша оған жоғарыда аталған 5 ауданнан өзге Жалағаш және Сырдария тұрғындары да қатыса алатын болды. Жыл ішінде 1600-ден астам қызылордалықты оқытуды көздеп отырмыз.

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.


22 қаңтар 2018 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам