Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА ҰСТАП ОТЫР

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА ҰСТАП ОТЫР

 
Жылу маусымында өңірдің әлеуметтік нысандарына 50 мың тонна сұйық және 26 мың тонна қатты отын қажет. Бүгінде оның 70 пайызы сатып алынды. Ал, облыс тұрғындарына қажетті 190 мың тонна көмірдің 17 пайызы яғни 838 вагон қатты отын жеткізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Нұрмағанбетов мәлімдеді.
«Тұрғындар күн сәл суыса болды, бір уақытта көмір сатып алуға тырысады. Бірақ, қатты отынның жеткізілуі, вагондарға тиелуі, отын қоймаларына әкелуі уақытты қажет етеді. Сондықтан көмір тапшылығын болдырмау үшін темір жол басшылығына қосымша вагондар беру, рәсімдеу процедураларын тездету бағытында келісімге келдік. Бұл жылда қайталанатын жайт. Жаз бойында отын қоймаларында көмір болады. Алайда, тұрғындар жаңасын сатып алғысы келетіні заңдылық. Бүгінде қалаға күнделікті 20-30 вагон көмір келіп, келгендей өтіп жатыр», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Нұрмағанбетов.
Ал, қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мақсұтов: - Қалаға жұмсалатын қатты отын көлемі 43,1 мың тонна болса, оның 13 мыңы тұрғын үйлер қорында. Әлеуметтік нысандарға 600 тонна отын қажет. Бүгінде тұрғын үйлер үшін шамамен 60 күнге, әлеуметтік нысандар бойынша 90 күнге жететін қатты отын бар. Алдағы уақытта, 29,5 мың тонна көмір келеді деп күтілуде, - деп атап өтті.
12 қазан 2017 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 158 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам