Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 Бүгін Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов Жастар үйінде жастармен кездесу өткізді. Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, кент, ауылдық округінің белсенді жастары, жас кәсіпкерлер, жас мамандар, «Қармақшы аграрлық техникалық колледжі студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенді жастар қатысты.
Кездесуге келген, аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы алдымен, Жастарының әр түрлі салада жеткен жетістіктер көрмесімен танысумен басталып, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылда атқарылған жұмыстарымен танысты.
Ал, мәжіліс залында өткен жүздесу барысында мемлекет тарапынан әрдайым қолдаудың барын айттып, Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Үстіміздегі жылдың 10 қаңтар күнгі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына жолдауын басым бағыттарына тоқталды. Әр ел келешегінің кемел болуын жастармен байланыстырып, оларды «болашақтың тұтқасы» деп есептейді. Сондықтан жастардың молшылықта, еш алаңсыз өмір сүруі үшін бар жағдайды жасайды. Бұл ретте соңғы 26 жыл бойы елімізде өскелең ұрпақ игілігі үшін атқарылған жұмыстар көл-көсір екенін айтпай болмас. Бүгінде жас қазақстандықтар әлемнің кез келген еліндегі қатарласымен терезесі тең. Әсіресе, елдің болашағы жастарды жан-жақты демеуде аудан әкімі жастарға мамандық таңдау да аса жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл ретте, елдің алған бағытын ескеру керек деді.
Аудан әкімімен кездескен жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын да қойды. Сауалдар негізінен жұмыссыздық мәселесі, инновациялық жобалар мен идеялар бағытында, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету,  кәсіпкерлікті қолға алған істерінің дамуына жағдай туғызу, жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына, рухани, мәдени орындар мен қолжетімді спорт залдары төңірегінде болды. Барлығы да, жастардың атынан сөйлеп, оларды толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Аудан басшысы жас ұрпақ өкілдеріне қатысты мәселелермен таныс екенін айтып, жауап қайтарды.
Кездесу барысында, аудан әкімі жастардың кәсіпкерлікпен айналсуына көп мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сондықтан да, ел игілігі үшін еңбек ету керек деді. Сондай-ақ, жастар арасындағы тәртіпке көңіл бөлу керектігін де атап өтті.
Жиын барысында биылдан бастап айына бір рет шығатын «Жастар NEWS» аудан жастарының гезетінің жобасын таныстырылуы болды. Алдағы уақытта газет интернет газет ретінде шығуына аудан әкімі қолдау білдіретінін жеткізді.
Кездесуде «Жас ғалымдар» кеңесінің төрағасы А.Қозыбақов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына жолдауын және рухани жаңғыру мақаласы бағытында, «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі А.Досболов инновациялық жобалар мен идеялар бағытында, Қармақшы аудандық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Қармақшы аудандық бөлімшесінің төрағасы А.Скендиров Жас отан жастар қанатының жобалары бағытында айтса жеке кәсіпкер Агайдаров Азат өзінің кәсібіне тоқталды Ал «Төретам жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Г.Қайнарбаева Төретам кенті бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Кездесу соңында Аудандық ресурстық орталығының директоры М.Ибраев жас спортшы Дамир Әбдековтың спорт жетістіктерін таныстырса, сәйкесінше аудан әкімі С.Мақашов жеткен жетістіктеріне және алдағы уақытта көш басында болуына сәттілік тілеп, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.
Кездесуді аудан әкімі қортындылағанан кейін Белсенді жас Р.Қошантаев гитарамен ән орындаса, жастар естелік суретке түсті.
31 қаңтар 2018 ж. 1 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 827 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам