Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАРЫҚ ДҮНИЕНІ ЖҮРЕГІМЕН СЕЗГЕНДЕР

ЖАРЫҚ ДҮНИЕНІ ЖҮРЕГІМЕН СЕЗГЕНДЕР

    Көзбен емес жүрекпен сезетін мүмкіндігі шектеулі жандар қашанда өмірге құштар келеді.  Олардың бірі – туа бітті зағип болса, енді бірі – жүре келе түрлі себептерден осы жағдайға ұшыраған жандар.   Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы құрметіне зағип жастар арасында «Мен жастарға сенемін» атты  көркем сөз оқудан облыстық байқау өтті. Зағиптар қоғамы клубы ұйымдастырған шарада облыс орталығы мен аудандардан 16 – 35 жас аралығындағы барлығы 10-ға жуық талапкер өзара бақ сынады.       Үш кезеңді құраған байқауда үміткерлер Елорданың 20 жылдығына орай «Астанаға тарту», «Туған жерім» бөлімдері бойынша елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын түрлі тақырыптағы өлең шумақтарын нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.    Байқау қорытындысы бойынша Динара Ешниязова жеңімпаз тұғырынан көрінді. Туа бітті жанарынан айырылған Динара бұған дейін түрлі қалалық, аудандық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, марапат мерейін асырып жүрген жайы бар. Белсенді жас бүгінде зағиптар қоғамы клубының мүшесі. Ал, екінші орынды Жалағаш ауданынан келген Құралай Мылтықбай иеленді. Сондай-ақ, үздік үштікті қаладағы №5 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатының оқушысы Меруерт Құлдейсенова мен шиелілік Бақыткүл Іргебаева түйіндеді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
                                                                                                                                                                           
                                                                     Таңшолпан КЕНЖЕБАЕВА.
                                                                      ҚМУ-дің 4 курс студенті

05 ақпан 2018 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 827 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам