Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

  Облыстың аграрлық секторын мемлекеттік қолдауға 9,3 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға артқан. Өндірілген өнім көлемі де өскен. Ал, аталмыш саланың негізгі қорына салынған инвестиция 25,7 пайызға көбейіп отыр. Ал, аймақ бойынша барлығы 181,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылған. Сондай-ақ, мал шаруашылығында да айтарлықтай өсім байқалады. Әсіресе, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде аталмыш саланы дамытып, бағдарлама игілігін сезінген жеке кәсіпкерлер қатары ұлғайған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов баяндады. Оның айтуынша, облыс бойынша жеке шаруашылықтардың бірігуімен 240-тан астам кооператив құрылған. Олардың барлығы кәсіпке қажетті арнайы құрал-жадықтармен қамтамасыз етілген. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары да өңірдің кәсіпкерлік тұрғыдан алға басуына айрықша ықпал етіп келеді.                                    
 – Былтыр облыс бойынша 89,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Оның ішінде күріш көлемі 84,6 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артты. Аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында 99 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Шиелі кентінде «Мөлдір және К» жеке кәсіпкерлігі арқылы қуаттылығы жылына 3,5 млн. дана жұмыртқа өндіретін құс фермасы іске қосылды. Алдағы уақытта жобаны 65 тонна құс етін өндіру бойынша кеңейту межеленуде. Сонымен қатар, қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде жылыжай іске қосылып, алғашқы өнім жиналып та үлгерді, – дейді облыс әкімінің орынбасары.                                                                                                  Қазіргі таңда облыста суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған аумақтарды айналымға қосу жөнінде жобалар мақұлданған. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама және тасқын суларды сақтау, жинақтау және тарату бойынша аймақ бойынша 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын барлығы 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұған дейін «Қожатай» су тоспасы салынып, «Картонкомбинат» нысанына ағымдағы жөндеу жүргізілген.   Өңірді көркейту-көгалдандыру шараларына да аса басымдық беріліп келеді. Жыл сайын облыстық бюджет есебінен мемлекеттік орман қоры жерлерінде 10 мың гектар ағаш отырғызу жүргізіліп келеді. Оның жартысына жуығы Арал теңізінің құрғаған табанына егіледі деп көзделуде. Жиын барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып-өркендеуін сөз еткен облыс әкімдігінің орынбасары «Байқоңыр» кешенінде атқарылып жатқан бағдарлы жұмыстарға да тоқталды. Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресейдің ғарышты қаладағы қарым-қатынасы туралы бірте-бірте жалдық жағдайдан кешенді бірлесе әріптестік тұрғыда пайдалану үрдісіне көшіп келеді. Ол бұл ретте барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді Ресеймен бірлесе отырып, арнайы құрылған үкіметаралық комиссиясының шеңберінде шешіп келетіндігін айтады. Қаланың даму көрсеткіші де жоғары. Мәселен, онда басталған 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы биыл ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
                                                                                                                                      Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.                                                 
06 ақпан 2018 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 205 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам