Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДІН ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ДІН ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ


  18 қазан – «Рухани келісім» күніне орай облыстық «Рухани Келісім» ақпараттық түсіндіру топ өкілдерінің қатысуымен Шиеліде бірқатар шаралар өткізілді.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ислам дініндегі салт-дәстүріміздің орны» тақырыбындағы кездесу өтті. Аудан ардагерлері мен жастар қауысмысмен өткен кездесуге Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Уайс Ержан Убайдаұлы, «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ның филиалы, Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қожамберлиев Баймырза және «Нұр» мешітінің ұстазы, білікті теолог Убаев Батырбек Тұрғанбекұлы бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дініміздің өркендеуі мен салт-дәстүрімізбен рухани құндылықтарымыз жөнінде сөз өрбітті. Сондай –ақ, облыстық «Рухани келісім» ақпараттық топ мүшелерімен «Шиелі индустриалды-аграрлық» колледжінде «Заманауи қоғамда қыздар жамағатының орны» тақырыпта колледж студенттерімен кездесу, «Денсаулық-болашақ кепілі!», «Дінаралық татулық-болашаққа нық қадам!» және «Дәстүрлі емес ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыптарында бүктемелер тарату акциясы өткізілді. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық аясында 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай өткізілген кездесу шаралардың соңы «Рухани мұра» атты концерттік бағдарламаға ұласты.
16 қазан 2017 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

№40 (1442)

02 маусым 2018 ж.

№39 (1441)

29 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 873 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам