Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТҰМАУ АУРУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 2,3 ЕСЕГЕ ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ

ТҰМАУ АУРУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 2,3 ЕСЕГЕ ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ

   2017 жылдың 9 айында облыс көлемінде зертханалық жолмен нақтыланған тұмау ауруының деңгейі 2,3 есеге дейін төмендеп, есепті мерзімде 31 жағдайы тіркелді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ ҚДСК Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары А.Абдикаимова мәлімдеді.
Жедел респираторлы вирусты инфекциясының 10362 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 1347,29 құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 32 пайызға, орташа Республикалық деңгейден 2 есеге дейін төмен болып қалыптасты.
2016-2017 жж эпид маусымға бөлінген қаражат көлемі 46,7 млн теңгені құрап, 53 мыңға жуық (52846 доза) вакцина сатып алынса, 2017-2018жж эпидмаусымдарына бөлінген қаражат соммасы 19,4 млн. құрап отыр. Бүгінгі таңда тұмауға қарсы екпелерді жүргізуге Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы пайдалануда. Вакциналық препараттың құрамына қосылған «Полиоксидоний» иммуномодуляторының арқасында иммунофармакологиялық әсері күшейе түскен. Иммундық статустың түзілуі арқасында ағзаның басқа жұқпаларға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Иммундық жүйені нығайту үшін дәрумендер, әсіресе құрамында С витамині бар лимон, итмұрын, анар, киви және жуа, сарымсақты пайдалану керек. Сондай-ақ, ең маңыздысы күнделікті қолды сабындап жиі жуу керек. Тұмауды асқындырып алмау үшін өз-өзін емдемей, дәрігерге қаралу қажет.


16 қазан 2017 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 891 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам