Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҰРЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

«ҰРЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ



 
 Қалада пәтер ұрлығына байланысты «Ұрлыққа тосқауыл» жобасы қолға алынуда.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қала прокуроры Мұрат Досмағанбетов мәлімдеді.
Жобаның мақсаты - ұрлық қылмыстарын алдын алуға бағытталған. Жасыратыны жоқ, бүгінде мал ұрлығы, пәтер және автокөлік тонау, ұялы телефон ұрлығы толастамай отыр. Тіптен алғанда, көпқабатты үйлердің подъездерінен балалар арбасы, велосипед ұрлануы жиілеген. Мәселен, бүгінге дейін қалада 109 велосипед ұрланса, оның тек 12-і ғана табылған. 9 айда 615 пәтер ұрлығының 147-і ашылған.
«Қылмыстардың алдын алу үшін көпқабатты тұрғын үйлерде «Бұлтты бейнебақылау» жобасы бойынша тұрғындарға қолжетімді бейнебақылау камералары орнатылуда. Бүгінде Мерей және Астана мөлтек аудандарындағы үйлерге орналастырдық. Алдағы уақытта Ақмешіт ауданы мен Жаппасбай батыр көшесіне 380 бейнебақылау камерасын құрамыз», - деді «Қазақтелеком» АҚ-ның Қызылорда облыстық телекоммуникациясы дирекциясының коммерциялық директоры Әсия Айсаева.
Баспасөз конференциясында қалалық ішкі істер басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрбол Әбдіразақ осы кезге дейін 408 ұялы телефон ұрлығы тіркелгенін айтты. Оның 65-і ашылған, 55-і бұғатталды.
16 қазан 2017 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 621 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам