Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері бірқатар нысандарды аралап, жылу маусымына дайындықтың барысын көрді.
Алдымен, №5 мектеп-лицейінде болды. Білім ордасы 1975 жылы салынған. Былтыр күрделі жөндеуден өтіп, есік-терезелері жаңартылған. Биыл жылу құбырлары, акт және спорт залдарының батареялары ауыстырылды. 
«Мектеп көптен бері жөнделмеген еді. Құбырларының тозығы жеткен болатын. Жөндеу жүргізіліп, құбырлары ауыстырылды. Біздің мектеп жылу маусымына сақадай сай дайын», - деді мектеп директоры Алтын Ізбасова.
Жалпы, әлеуметтік нысандар яғни, 182 мекеме, 213 шаруашылық нысан орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі.
«Сонымен қатар, 84 білім нысандары қажетті қатты көмір және сұйық отынмен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, 5 мектепке орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қазіргі таңда 4 мектеп жөндеуден өтуде. Оған бюджеттен 55 млн теңге бөлінді», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов. 
Мұнан соң, баспасөз өкілдері Қазантаев көшесіндегі құбыр ауыстыру жұмыстарын көрді. Қыркүйек айында басталған тірлік келер айда аяқталады. 
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Біржан Далабаев:
«Қаланың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы қалалық штаб құрылды. Биыл жылу жүйелері мен қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізуге 904 млн. 100 мың теңге қаралған. Қазіргі таңда, «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі тарапынан жоспарланған 11,3 шақырымның 10,2 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Европалық қайта құру және даму банкі» арқылы қаржыландырылатын 7,8 шақырымды құрайтын 4 жобаның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде», - деді. 
Жалпы алғанда, қаламызда жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соңғы 5 жылда 8 млрд. теңгеден астам қаржыға қаладағы 60 пайыз магистралды жылу желілері жаңартылды.

29 қыркүйек 2017 ж. 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам